2012 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түстім. 2016 жылы аталған жоғары оқу орнын аяқтап, құқық бакалавры академиялық дәрежесін иелендім.
2016–2018 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасында білімімді жалғастырып, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым.
Құқық және педагогика салаларында алған білімім заң пәндерін оқыту және болашақ мамандарды даярлаумен байланысты кәсіби қызметімнің негізін қалады.
Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Құқық» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарамын.
Педагогикалық қызметіммен қатар «Четтикбаева А. М.» жеке кәсіпкерлігінің басшысы болып табыламын.
Кәсіби қызметімде білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, талдамалық ойлау қабілетін дамытуға және теориялық білімдерін тәжірибелік құқықтық жағдаяттарды қарастыруда қолдануға ерекше назар аударамын.
2012–2016 жж. — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы. Академиялық дәрежесі — құқық бакалавры.
2016–2018 жж. — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы. Академиялық дәрежесі — педагогика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби және академиялық қызығушылықтарым заң білімін беру, құқықтық пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру және білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелерімен байланысты.
Оқытушылық қызметімде студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және құқықты тәжірибеге бағдарланған тәсілдер арқылы меңгеруіне ерекше назар аударамын.
1. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
2. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы
3. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
2026 ж. 29 қазан – «Қазақстан Республикасының 2-санатты салық кеңесшісі» біліктілігі, Салық кеңесшілерінің палатасы (Республикалық мәртебе).