2000 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университетіне оқуға түстім. 2004 жылы аталған жоғары оқу орнын аяқтап, заңгер біліктілігін алдым. Жоғары заң білімім кәсіби және ғылыми қызметімнің негізін қалады.
2013–2015 жылдары Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде білімімді жалғастырып, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иелендім.
2017–2021 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып, философия докторы (PhD) дәрежесін алдым.
Ғылыми-зерттеу қызметім конституциялық, азаматтық, қылмыстық және экологиялық құқықтың өзекті мәселелерін, экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздерін, цифрлық құқықтық қатынастарды, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бағыттарын қамтиды.
Ғылыми зерттеулерімнің нәтижелері отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған мақалаларда, монографияларда, оқу-әдістемелік құралдарда және ғылыми конференция материалдарында көрініс тапқан.
Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Құқық» кафедрасының меңгерушісі және қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы қызметін атқарамын. Кәсіби қызметім кафедра жұмысын ұйымдастыруға, жоғары заң білімін дамытуға, ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға және құқық саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
2000–2004 жж. — Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы. Біліктілігі — заңгер.
2013–2015 жж. — Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы. Академиялық дәрежесі — заң ғылымдарының магистрі.
2017–2021 жж. — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы. Академиялық дәрежесі — философия докторы (PhD).
Ғылыми-зерттеу қызметім құқықтану ғылымының өзекті мәселелерін зерттеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге және құқықтық реттеудің заманауи тетіктерін талдауға бағытталған.
Негізгі ғылыми қызығушылықтарым конституциялық, азаматтық, қылмыстық және экологиялық құқықты, ұлттық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды, азаматтық-құқықтық қатынастарды цифрландыруды және қылмыстық-атқару жүйесінің құқықтық институттарын қамтиды.
Анкетада көрсетілген ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер:
-
ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған ғылыми журналдардағы жарияланымдар — 10.
-
Рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар — 1.
-
Оқу-әдістемелік құралдар — 5.
-
Монографиялар — 3.
-
Халықаралық және республикалық конференциялардағы баяндамалар мен тезистер — 5.
Анкетада көрсетілген негізгі ғылыми жарияланымдар:
-
“Regulatory Issues of Depollution in Kazakhstan”. EVERGREEN, Joint Journal of Novel Carbon Resource Sciences & Green Asia Strategy, Vol. 09, Issue 04, 2022, 903–908-беттер.
-
“On the issue of improving the mechanism for protecting the interests of the child in cyberspace”. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 104(4), 2022, 44–52-беттер.
-
«Цифровые (токенизированные) акции: этапы совершенствования гражданского законодательства». Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, № 1 (109), 2024, 65–73-беттер.
-
«Атмосфералық ауаны ластағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың кейбір мәселелері туралы». ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми басылымы, № 1 (80), 2024, 4–9-беттер.
-
«Условно-досрочное освобождение за преступления против половой неприкосновенности несовершеннолетних: международный опыт и Казахстанская практика». ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының хабаршысы, № 4 (79), 2024.
-
«Экологиялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің дербес түрі ретінде». ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының ғылыми еңбектері, № 2 (79), 2024, 159–167-беттер.
-
«Қазақстан Республикасы Конституциясында әлеуметтік мемлекет орнықтырудың нормалары және олардың жүзеге асыру жолдары». Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Заң сериясы, 150-том, № 1, 2025, 11–26-беттер.
-
«Су ресурстарын пайдалану аясындағы қылмыстылықтың алдын алу шаралары». ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының ғылыми еңбектері, № 1 (82), 2025, 148–153-беттер.
-
«Есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымын саралаудың теориялық мәселелері». ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының ғылыми еңбектері, № 1 (82), 2025, 167–172-беттер.
-
«Сравнительный анализ цифровизации гражданского права в Казахстане и Польше в сфере электронной коммерции». Eurasian Scientific Journal of Law, № 1 (10), 2025, 22–31-беттер.
-
«Қазақстан Республикасының жазаларды орындау жүйесіндегі пенитенциарлық пробацияның мәні туралы». Eurasian Scientific Journal of Law, № 2 (10), 2025.
ҚР Еңбек құқығы;