Ниязбекова Жаннур Нурдилдаевна – ветеринария ғылымдары бойынша PhD, «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы референттік орталығының» жетекшісі, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы, КЕАҚ «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті».
Ниязбекова Ж.Н. 1990 жылы туған, ұлты – қазақ. 2013 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. 2015 жылы осы мамандық бойынша магистратураны да үздік бітіріп, диссертациясын «өте жақсы» деген бағамен қорғады. Оқу жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясының иегері болды.
Ниязбекова Ж.Н. Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясы, Яньлин қаласындағы Northwest A&F University университетінің екі беделді бағдарламасының стипендиаты болды:
- 2017–2022 жылдары – «Бір белдеу, бір жол» PhD докторантура бағдарламасы,
- 2022–2024 жылдары – Қытайдың постдокторлық зерттеу бағдарламасы.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
-
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының» иегері (2025 ж.);
- Қытай Халық Республикасының «Ең үздік шетелдік студент» стипендиясының иегері (2020 ж.);
- Northwest A&F University Президентінің «Үздік ғылыми жетістіктері мен оқу үлгерімі үшін» стипендиясының иегері (2020 ж.);
- China Media Group (CRI Online) ұйымдастырған «Colourful China» халықаралық коммуникация байқауының күміс жүлдегері;
- Shaanxi Women's E-commerce Entrepreneurship and Innovation Competition байқауының қола жүлдегері (2022 ж.).
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
2008–2013
Мамандығы: 5В120100 – Ветеринарлық медицина
Біліктілігі: Ветеринарлық дәрігер (GPA 3.77)
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
2013–2015
Мамандығы: 6М120100 – Ветеринарлық медицина
Біліктілігі: Ветеринария ғылымдарының магистрі (GPA 3.89)
Northwest A&F University, Қытай Халық Республикасы
2018–2022
Мамандығы: 8D091 – Ветеринария
Біліктілігі: Ветеринария ғылымдарының PhD докторы (профилактикалық ветеринарлық медицина), GPA 3.89
Northwest A&F University, Қытай Халық Республикасы
2022–2023
Біліктілігі: Постдокторантура, Күйіс қайыратын жануарлардың эволюциясы және генетикасы орталығы
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫ:
Ниязбекова Ж.Н. ауыл шаруашылығы жануарларын молекулярлық генетика және мультиомдық зерттеу саласында маманданған жетекші жас қазақстандық ғалымдардың бірі. Оның бастамасымен Қазақстанның екі негізгі ұлттық тұқымы - қазақтың ақбас сиыры мен алатау сиыры бойынша алғаш рет толық геномдық секвенирлеу жүргізілді. Бұл зерттеулер отандық тұқымдардың генетикалық табиғатын терең түсінуге мүмкіндік беріп, елімізде заманауи селекциялық жұмыстарды дамытуға ғылыми негіз қалады.
Зерттеу нәтижесінде қазақы тұқымдардың генетикалық құрылымын қалыптастыратын үш негізгі ата-тектік компонент анықталды: еуропалық, еуразиялық және шығыс азиялық таурин кластерлері. Сонымен қатар, қазақтың ірі қара малының жоғары генетикалық әртүрлілікке және инбридинг деңгейінің төмендігіне ие екені дәлелденді, бұл олардың табиғи генетикалық әлеуетінің сақталғанын көрсетеді.
Елеулі ғылыми нәтижелердің бірі – қазақтың ақбас сиырына тән ерекше ақбас пигментациясымен байланысты 6-хромосомада орналасқан PDGFRA, KIT және KDR гендері аймағында күшті сұрыптау сигналдарының анықталуы. Бұл нәтижелер ұлттық тұқымдардың фенотиптік ерекшеліктерінің молекулалық негіздерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Алатау тұқымы бойынша жүргізілген зерттеулерде өнімділікке байланысты маңызды генетикалық аймақтар анықталды. Ет өнімділігімен байланысты гендер: KCNMA1, PDGFRA, HIF1A, ANTXR1, ал сүт өнімділігімен ассоциацияланған гендер: ATP2B1, DHX15, FUK, NEGR1, CCDC91, COG4, PTK2B. Бұл нәтижелер селекциялық жұмыстарда тиімді генетикалық маркерлер ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Ниязбекова Ж.Н. жануарлар микробиотасы саласындағы зерттеулерді белсенді дамытып келеді. Оның ғылыми жұмыстары сүтқоректілердің туғаннан бастап ересек кезеңге дейінгі ішек микробиотасының қалыптасуын зерттеуге бағытталған және заманауи омикс технологиялары мен метагеномдық талдау әдістерін қолдануға негізделген.
2022 жылы Northwest A&F University университетінде «The maternal milk and fecal microbial communities of dairy goats and their potential roles in the establishment of kids’ gut microbiota» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Зерттеу барысында сүт пен нәжістегі микробтық қауымдастықтар, олардың динамикасы және жас төлдің саулығы мен өнімділігіне әсері жан-жақты талданды.
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
- Zhannur Niyazbekova, Yuan Xu, Min Qiu, Hao-Ping Wang, Ibragimov Primkul, Hojjat Asadollahpour Nanaei, Yessengali Ussenbekov, Kuanysh Kassen, Yi Liu, Cai-Yue Gao, Shynar Akhmetsadykova, Nuriddin Ruzikulov, Yu Jiang, Yu Dong Cai. 2025. Whole-genome sequencing reveals genetic architecture and selection signatures of Kazakh cattle. Zoological Research, 46(2): 301-311. https://doi.org/10.24272/j.issn.2095-8137.2024.235 (SCI, Scopus, Q1; IF: 4.0; Percentile: 95th).
- Tao Shi, Huiquan (SCI, Scopus, Q1; IF: 4.0; Shan, Haoping Wang, Zhannur Niyazbekova, Jilong Ren, Yaqi Zhou, Qi Zhang, Weijie Zheng, Minghui Jia, Ao Zhang, Xuesha Cao, Huizeng Sun, Dongxiao Sun, Lingzhao Fang, Yi Zheng, Xihong Wang, Yu Jiang, et al. “Single-Cell Transcriptomic Atlases of Camels and Cattle Unravel Molecular Evolution of Digestive and Metabolic Systems.” Advanced Science (2026): e19346. https://doi.org/10.1002/advs.202519346 (SCI, Scopus, Q1; IF: 14.1; Percentile: 99th)
- Hojjat Asadollahpour Nanaei, Chenxi Zhang, Niloufar Jafarpour Negari, Mahmoud Amiri Roudbar, Zeinab Amiri Ghanatsaman, Zhannur Niyazbekova, Xiaojun Yang. Genomic analysis uncovers novel candidate genes related to adaptation to tropical climates and milk production traits in native goats. BMC Genomics 25, 477 (2024). https://doi.org/10.1186/s12864-024-10387-y (SCI, Scopus, Q1; IF: 4.40; Percentile: 64th).
- Wei Wang, Zhenyu Wei, Zhuohui Li, Jianrong Ren, Yanliang Song, Jingyi Xu, Anguo Liu, Xinmei Li, Manman Li, Huimei Fan, Liangliang Jin, Zhannur Niyazbekova, Wen Wang, Yuanpeng Gao, Yu Jiang, Junhu Yao, Fuyong Li, Shengru Wu, Yu Wang. Integrating genome- and transcriptome-wide association studies to uncover the host–microbiome interactions in bovine rumen methanogenesis. Imeta. 2024 Sep 3;3(5): e234. https://doi.org/10.1002/imt2.234 (SCI, Scopus, Q1; IF: 15 Percentile: 96th).
- Zhannur Niyazbekova, Xiao-Ting Yao, Ming-Jie Liu, Nomin Bold, Juan Zhen Tong, Jian-Jun Chang, Ying Wen, Li Li, Yong Wang, De-Kun Chen* and Wen Tao Ma, Compositional and Functional Comparisons of the Microbiota in the Colostrum and Mature Milk of Dairy Goats, research article. Animals 2020, 10(11), 1955; https://doi.org/10.3390/ani10111955 (SCI, Scopus, Q1; IF: 3.231; Percentile: 95th).
- Tingting Zhang, Mao Li, Tao Shi, Yueyang Yan, Zhannur Niyazbekova, Xihong Wang, Zongjun Li, Yu Jiang. Transmission of the gut microbiome in cohousing goats and pigs. Frontiers in microbiology, 13, 948617. https://doi.org/10.3389/fmicb.2022.948617 (SCI, Scopus, Q1; IF: 6.06; Percentile: 80th).
- Kuanysh Kassen, Zhannur Niyazbekova, Tingting Zhang, Mubasher Nasir , Feifei Li and Menglou Li. Effects of Nutrient Elements on Growth and Expression of Insect-Defense Response Genes in Zanthoxylum bungeanum Maxim. Forests. 2022; 13(9):1365. https://doi.org/10.3390/f13091365 (SCI, Scopus, Q1; IF: 3.282; Percentile: 80th).
- Mingle Dou, Zhuqing Zheng, Qiuming Chen, Yongji Wu, Jinxin Wang, Huiquan Shan, Fei Wang, Xuelei Dai, Zhannur Niyazbekova, and Yu Jiang. A missense mutation in RRM1 contributes to animal tameness. Science advances, 9(25), eadf4068. https://doi.org/10.1126/sciadv.adf4068 (SCI, Scopus, Q1; IF: 13.6; Percentile: 96th).
- Xidian Tang, Yanfei Xie, Guanhua Li, Zhannur Niyazbekova, Shaofei Li, Jianjun Chang, Dekun Chen, Wentao Ma. ORFV entry into host cells via clathrin mediated endocytosis and macropinocytosis. Veterinary microbiology, 284, 109831. https://doi.org/10.1016/j.vetmic.2023.109831 (SCI, Scopus, Q1; IF: 3.8; Percentile: 90h).
- Tian Jing, Yunpeng Wang, Yukun Bu, Xi Chen, Shutong Feng, Wenbo Liu, Zhannur Niyazbekova, Dekun Chen, Xiaolong Gao, Wentao Ma. (2025). The whole genome analysis of the wild-type and attenuated orf virus reveals that ORF022 facilitates viral replication. BMC genomics, 26(1), 488. https://doi.org/10.1186/s12864-025-11663-1 (SCI, Scopus, Q1; IF: 3.7; Percentile: 64th).
- Zhannur Niyazbekova, Kuanysh Kassen, Yuecai Jiang, Dengliang Li, Yuxu Qi, Damir Khussainov, Zhanat Batanova, Dekun Chen & Wentao Ma. Establishment and development of the gut microbiota in dairy goats during the early life. BMC Vet Res 21, 523 (2025). https://doi.org/10.1186/s12917-025-04958-8 (SCI, Scopus, Q1; IF: 2.7; Percentile: 88th).
КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ:
- Omics деректерін талдауға арналған биоинформатика құралдары: Plink, Snptest, FastQC, BLAST, BWA, SAMtools, GATK, Bcftools, Vcftools, Bowtie2, ANGSD, Mega, fineSTRUCTURE, ChromoPainter, RaxML, PhyML, Harvest, FastTree, SMC++, PSMC, SweeD, Dsuite, ADMIXTOOLS package, OMICtools, Selscan program, smartPCA program and a variety of R packages.
- Функционалды аннотация биоинформатика: g: Profiler, DAVID, Ingenuity, WebGestalt, FunRich and Panther.
- Бағдарламалау тілдері: R, C++ and Perl.
Профессор Jiang Yu
Зоотехния және технологиялар факультетінің деканы, Күйіс қайыратын жануарлардың эволюциясы мен генетикасы орталығының (Centre of Evolution and Genetics of Ruminants) директоры, Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті, Қытай Халық Республикасы Email: yu.jiang@nwafu.edu.cn
ORCID: 0000-0003-4821-3585
Scopus Author ID: 55733627100
Web of Science ResearcherID: O-5114-2015