Кәсіби өмірбаяны - ветеринариялық медицина және патологиялық анатомия саласының маманы. Жоғары білім беру жүйесінде ғылыми-педагогикалық қызмет және ветеринариялық мамандарды даярлауға және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
Академиялық жолы:
2006 - 2009 жылдары патология және паразитология кафедрасының ассистенті, 2009 жылы 16.00.02 – жануарлардың патологиясы, онкологиясы және морфологиясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2009 - 2013 жылдары аға оқытушы, 2013 – 2020 жылдары қауымдастырылған профессор, 2021 – 2024 жылдары «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, 2024 жылдан бастап «Жануарлар фармакологиясы және патологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ғылыми-педагогикалық жұмыстың жалпы өтілі - 20 жыл.
Ғылыми қызығушылықтары - ветеринариялық патоморфология, жануарлардың патологиялық анатомиясы, гистология, жануарлар аурулары кезіндегі морфологиялық өзгерістер, патоморфологиялық диагностика.
Зерттеу бағыттары – жануарлардың мүшелері мен ұлпаларындағы морфологиялық және гистологиялық ерекшеліктерін, аурулардың патогенезін зерттеу және
патоморфологиялық диагностика әдістерін жетілдіру.
Жетістіктері: 300-ден астам ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы.
- Қазақстандық рейтингтік агенттіктің (НААР) нәтижелері бойынша 2018, 2019 жылдары Қазақстан Республикасының ТОП 50 ПОҚ-на кірді.
- Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның екі мәрте стипендиаты (2010-2012 жж).
-«Заманауи педагог-2019» қашықтық фестивалінің нәтижелері бойынша «білім беру қызметінде ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланғаны үшін» Құрмет грамотасы және Интернет-журналда жарияланғаны туралы 3 куәлік алынды Informznaika.ru.
- «Жастарды тәрбиелеудегі жетістіктері үшін» медалімен марапатталған, РФ, Мәскеу, 2018.
- «Ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие, Мәскеу, РАЕ, 2018;
- Саладағы үздік оқу-әдістемелік басылым үшін «Отандық ғылымның алтын қоры» халықаралық көрмесінің лауреаты дипломы, Мәскеу, 2018.
Педагогикалық саладағы нәтижелер:
- «Рухани Жаңғыру қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында «Үздік тәлімгер», «Мейірім ұстаз – 2019» медалімен марапатталған.
- «Білім саласының үздігі – 2019», «Үздік педагог-2019» атақтарына ие және марапатталған.
1996-2001 жж. – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің студенті, Ветеринария факультеті, ветеринарлық санитариялық дәрігер мамандығы;
2003-2006 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің аспиранты;
2009 ж. – Ветеринария ғылымдарының кандидаты. Мамандығы: 16.00.02 - «Жануарлар патологиясы, окнологиясы және морфологиясы»;
2005 жылдан бастап ҚР АШМ, ҚР БҒМ желісі бойынша 12 ғылыми жобаның жетекшісі және жауапты орындаушысы ретінде қатысады, соңғы рет «Рекомбинантты антиген негізінде жылқылардың трипаносомозын диагностикалау үшін иммуноферменттік тест-жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы жоба жетекшісі 2023-2025жж.
Соңғы 5 жылдағы ғылыми жарияланымдар мен еңбектері.
SCOPUS / WEB OF SCIENCE ДЕРЕКҚОРЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛАЛАР
1. Tulemissova Zh., Ibazhanova A., Myktybayeva R., Khussainov D., Mussoyev A., Kenzhebekova Zh., Torehanov M. Bovine Interdigital Necrobacillosis Epizootic Data from Livestock Farms in Almaty Region of Kazakhstan between 2017 and 2019 // Advances in Animal and Veterinary Sciences. 2021- 9(5): 761-765. (Scopus, Q3)
DOI http://dx.doi.org/10.17582/journal.aavs/2021/9.5.761.765
2. D. Moldagaliyeva, Y. Uzakov, N. Sarsembayeva, B. Jussipbekova, A. Nurakhova, U. Artykbayeva, M. Baimuratova Functional semi-finished fish product evaluation: organoleptic and evidence in vivo. YPE Original Research PUBLISHED 09 June 2023 DOI 10.3389/fsufs.2023.1190340 https://www.frontiersin.org/articles/10.3389/fsufs.2023.1190340/abstract (Scopus, Q1)
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ҰСЫНҒАН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ
МАҚАЛАЛАР
1. Alimov A.A., Ibazhanova A.S., Toktar B.B. THE MAIN PARAMETER INDICATORS OF MICROCLIMATE FOR RAISING BROILER CHICKENS IN AUTOMATED POULTRY FARMS. Animal health and biosafety. №1, 2026 / Жануарлар денсаулығы және биоқауіпсіздік. №1, 2026. Scientific and practical journal of Zhangir Khan West Kazakhstan Agrarian-Technical University ISSN Print: 3134-8114 ISSN Online: 3134-8122 Б.121-130.
МОНОГРАФИЯЛАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
1. Ибажанова А.С. Күйісті малдардың некробактериозын патогистологиялық балау. Басуға қол қойылған күні 13.03.2020 ж. пішіні 60х84 1/ 16 офсеттік басылым. Офсеттік қағаз. Әріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 11,37. Таралымы 500 дана. Тапсырыс №00090. Баспа орталығы: PRINT MASTER
БАСҚА ЖАРИЯЛАНЫМДАР
1. Myrzhiyeva A., Suleimenov M.Zh., Ugur Uslu, Ibazhanova A.S., Zhanteliyeva L.O. Duration of acaricidal action of the drug «Kenem» and economic justification for the protection of cattle from ixodic mites, Ізденістер, нәтижелер, С. 80-91, 2021, №01.
Специалитет:
Жануарлардың патологиялық анатомиясы;
Соттық ветеринария.
Ғылыми курс бойынша: Студенттерге арналған «Патанатом» ғылыми үйірмесі
Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру
1. «Инновациялық диагностика бойынша ветеринариялық зертханалардағы зертханалық зерттеулер» тақырыбында біліктілікті арттыру. 2022 жыл, Қытай, 04.04.2022 - 05.09.2022 ж. (Анықтама және сертификат бар).
2. «Патоморфология и судебная экспертиза», 72 сағат, «Өрлеу» біліктілікті жоғарлату институты, Алматы қаласы.
3. «Патоморфология и судебная экспертиза», 72 сағат, Ветеринариялық медицина, малшаруашылығы және биотехнология Самарқанд мемлекеттік университеті, 2025 жыл.
4. «ІҚМ жұқпалы ауруларының зертханалық диагностикасы» тақырыбында тақырыбында біліктілікті арттыру., 06.02 - 07.06.2022 жыл, Қытай (Анықтама және сертификаттар).
5. «Основы промпт-инжиниринга» және «Основы искусственного интелекта: чат GPR» ТОО «Ньюскилз», Астана, 2025 жыл.
1. Scopus базасына кіретін «Current pharmaceutical biotechnology», «Current proteomics» ғылыми журналдарына - рецензент;
2. Студенттік ғылыми рецензиялау жөніндегі РАЕ сараптамалық кеңесінің жұмысына және ғылыми студенттік конференцияда, пәнаралық ғылыми форумда «Ветеринариялық медицина» секциясында жетекші (Ресей, Москва).