Қауымбаева Мөлдір Шәріпқызы
Қауымбаева Мөлдір Шәріпқызының «ШунгиҚұс» дәстүрлік емес азықтық қоспасын қолданған кездегі бройлер етін ветеринариялық – санитариялық бағалау» тақырыбындағы 8D09102 – «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық зерттеу жұмысы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ-ның «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының зертханасында орындалды. Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлігі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрнек ауылында орналасқан «TSS Group» ЖШС құс фабрикасының базасында, ал зертханалық-талдау жұмыстары «Тағам қауіпсіздігін ғылыми зерттеу институтында» жүргізілді.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы - аралас.
Ғылыми кеңесшілер
Сарсембаева Нуржан Билтебаевна - ветеринария ғылымдарының докторы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Ветеринариялық санитария кафедрасының профессоры;
Lozowicka Bozena – химия ғылымдарының докторы, Өсімдіктерді қорғау ұлттық ғылыми-зерттеу институтының профессоры (Польша Республикасы, Белосток қаласы).
Ресми рецензенттер
1) Нургалиев Биржан Елубаевич - ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ Ветеринария және агротехнология институтының профессоры;
2) Жанабаева Динара Кабдуллаевна - PhD, қауымдастырылған профессор, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ ғылым департаменті директорының орынбасары.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
1. Серикова Айнур Темешовна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ветеринария кафедрасының доценті;
2. Балджи Юрий Александрович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «NFT-KATU» ЖШС бас директоры;
3. Чужебаева Гульжаган Джамбуловна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ ветеринариялық санитария кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Қорғау 2026 жылғы 11 – қараша сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 – Ветеринария даярлау бағыты (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина, 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) бойынша диссертациялық кеңесі отырысында, 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимараты, 84 аудиторияда аралас форматта оффлайн және онлайн режимінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Қосылу коды: 1234
Сайт сілтемесі: https://www.kaznaru.edu.kz/
Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек dinara.sarybayeva@kaznaru.edu.kz Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек
Докторлық диссертацияны қорғауы