KazNARU

Алимбаев Ержан Нурланович

Алимбаев Ержан Нурлановичтің «Су ағыны толық реттелген жағдайдағы Сырдария өзенінің төменгі алабының сушаруашылық жүйесінің сумен қамтамасыздығын ұлғайту» тақырыбындағы 6D080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертациялық жұмыс Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасында жасалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақша.
Қорғау форматы – аралас.

Ғылыми кеңесшілер

1. Калыбекова Есенкул Мырзагелдиевна – техника ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
2. Сағаев Әбдіжаппар Әбілтайұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор.
3. Пчелкин Виктор Владимирович – техника ғылымдарының докторы, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, Мәскеу қ., Ресей.

Ресми рецензенттер

1) Джолдасов Сапарбек Куракбаевич техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, «Су ресурстары» кафедрасының доцент м.а.
2) Даулетбаев Бижан Утеновичауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері

1. Карлыханов Оразхан Карлыханович – техника ғылымдарының докторы, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері.
2. Естаев Куат Абенович – ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, «Мелиорация және агрономия» кафедрасының меңгерушісі.
3. Ботантаева Бибигул Сарыбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ автомобиль-жол институты, «Көлік құрылысы және құрылыс материалдарын өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қорғау 2025 жылғы 25 маусымында сағат 11:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде құрылған 8D086 –  «Су ресурстары және суды пайдалану» кадрларды даярлау бағыты (6D080500 – Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы; 8D08603 – IT-технологияларын қолдана отырып су ресурстарын басқару; 8D08602 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау; 8D08604 – Су қауіпсіздігі) бойынша диссертациялық кеңесінде, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8 үй, бас ғимарат, 84 аудиторияда аралас онлайн және оффлайн форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/86970793489?pwd=NXl4T0NmcXdsSDQxRHFWU0dudS82UT09
Конференция идентификаторы: 869 7079 3489
Код доступа: 1234
Адрес сайта: https://www.kaznaru.edu.kz/

 

Бейресми пікірлерді эл.пошта арқылы жіберу керек ainura.aldiarova@kaznaru.edu.kz, Сіздің аты-жөніңізді, жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, электрондық мекен-жайыңызды, диссертация авторын және тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу керек.

Докторлық диссертацияны қорғауы

---------Chatbot---------
виртуальный помощник