Бітіруші кәсіби қызметін келесі бағыттарда жүзеге асыра алады:
-Орта, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ветеринария бойынша оқытушы;
-Ветеринариялық нысандардыі бақылау және қадағалау мемлекеттік органдарының маманы, ауылдық округтердің ветеринариялық инспектор;
-Зертхананың ветеринария дәрігері;
-Ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми қызметкер;
-Ветеринариялық зертхана меңгерушісі.
аграрлық және биологиялық бейіндегі жоғары, орта-арнайы, кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, ғылыми-өндірістік мекемелердегі ғылыми жұмыс;
жергілікті, аудандық, облыстық республикалық жүйелер аппаратындағы басқару қызметтері, сонымен қатар қорғаныс, ішкі істер министрліктері мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі (ҚМ, ІІМ, ҰҚК) құрылымдарда, ветеринариялық және биологиялық мемлекеттік және жекеменшік құрылымдар болып табылады.
-ғылыми-зерттеу институттары;
-ұйымдық-басқару қызметі;
-өндірістік-технологиялық қызмет;
эксперименттік-зерттеу қызметі;
-жоғары оқу орындарында ветеринариялық, биологиялық, зерттеу бағытындағы білім беру (педагогикалық) қызметі,
-арнайы-орта және кәсіптік-техникалық оқу орындарында;
-ветеринариялық қадағалау кәсіпорындарында, шаруашылықтардың әртүрлі түрлерінде, ұйымдарда, ветеринарлық, биологиялық және ауылшаруашылық бағыттағы фирмаларда, биопрепараттарды өндіру кезіндегі кеңес беру қызметі.
Магистрдің кәсіби қызметі төмендегілерге бағытталған:
-қалыпты және патологиядағы гематологиялық көрсеткіштердің морфологиялық, биохимиялық және функционалдық сипаттамаларын талдауға;
-клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде органдар мен жүйелердің қалыпты және патологиялық жай-күйінің деңгейін анықтауға;
-улы заттардың әсерін бағалауды жүзеге асыру, нақты жағдайларда жануарлардың улануының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге;
-клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде жүйелерді әзірлеу және ауыл шаруашылығы жануарларындағы гиповитаминоздарды диагностикалау үшін анықталған симптомдар мен синдромдарды байланыстыруға;
-авитаминоз кезіндегі этиологияны, патогенезді, клиникалық көріністі, жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын емдеудің дәстүрлі емес әдістерін анықтауға;
-жануарлардың жұқпалы емес ауруларының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсетеді
-акушерлік патология кезінде қабылдау, емдеу және алдын алу, босандыру операцияларын жүргізу және босандыру тәсілдерін жүргізуге;
-еркек өндірушілерді зерттеу, өндірушілерді репродуктивті ағзалары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алуға;
-сот сараптамасының заманауи әдістерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуге.
-жануарлардың аса қауіпті инфекцияларының таралу географиясын, тарихы мен эволюциясын зерттеуге;
-зооноздардың таралуының эпизоотологиялық және экологиялық аспектілерін зерделеу мақсатында аса қауіпті трансшекаралық зооноздарға эпизоотологиялық мониторинг жүргізуге;
-нақты ауданда эпизоотологиялық мониторинг жүргізу, аса қауіпті аурулардың алдын алу және сауықтыру шараларына;
-инновациялық әдістермен оларды жою және емдеу жолдарын, нақты аса қауіпті аурулардан тез сауықтыру жолдарын шешуге;
-аса қауіпті трансшекаралық зооноздар кезінде алдын алу және сауықтыру іс-шаралары жүйесінің жоспарын әзірлеу және түзетуге;
-жануарлардың аса қауіпті зооноздық инфекцияларының нозологиялық және эпизоотологиялық диагнозын қоюдың заманауи әдістерін меңгеруге;
-жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және диагностикалау үшін биологияның заманауи жетістіктерін қолдануға.
-елге жануарлардың аз белгілі ауруларының қоздырғыштарын әкелудің ықтимал қауіп-қатерлерін бағалау және бақылауға;
-жануарлардың әр түрлі паразитоздарына қарсы диагностикалық емдеу-алдын алу шараларын ұйымдастыру кезінде білімді қолдануға;
-әр түрлі климаттық-географиялық аймақтардағы паразитоздардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін зерттеуге;
- жануарлардың аралас ассоциативті ауруларының мәселелі сұрақтарын диагностика әдістерін пайдалана отырып және моно-би-және поли инвазиялар кезінде дифференциалды диагностика әдісімен шешуге;
-ассоциативті ауруларымен күресу шараларын ұйымдастыру және жүргізу; паразитоценоздардың қазіргі заманғы мәселелеріне;
-негізгі тропикалық инвазиялар бойынша эпизоотиялық жағдайды болжай білуге;
-улы жәндіктерді ажырату және субтропикалық және тропикалық елдерде паразиттерге қарсы іс-шаралар жүргізудің күнтізбелік жоспарларын жасауға;
-препаратты қолдану арқылы қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, олардың қалдық әсерін және сыртқы орта нысандарын залалсыздандыру тәсілдерін анықтау, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуге.
-микроорганизмдердің генетикалық материалын ұйымдастыру және жұмыс істеуі, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, оларды зерттеу әдіснамасына;
-саңырауқұлақтар патшалығының өкілдерін жүйелеу, олардың әртүрлілігін көрсететін саңырауқұлақтардың филогенетикалық жүйесін жіктеу және құруға;
-ҚР аумағында жануарлар мен құстардың ауруларын тудыратын клостридиялардың түрлік спектрін зерттеуге;
-энтероинфекциялар патогенезінің ерекшеліктерін және ауыл шаруашылығы малдарының төлінде иммунитетті түзетудің заманауи тәсілдерін зерттеуге.
-мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқаруды жетілдіру жолдарын әзірлеу;
-БАҚ-пен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру, қоғаммен байланысты қамтамасыз ету;
-мемлекеттік және муниципалдық басқару мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу.
7М09101 - "Ветеринарлық медицина" дайындық бағытының магистрлері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
1. Өндірістік-технологиялық:
-тәжірибелік дағдыларды, құзыреттілікті және кәсіби қызмет тәжірибесін және озық тәжірибені игеру;
-клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде жүйелерді әзірлеу және ауыл шаруашылығы жануарларындағы токсоинфекция мен гиповитаминоздарды диагностикалау үшін анықталған симптомдар мен синдромдарды байланыстыру;
-жоғары өнімді жануарларды ұстаудың заманауи технологиясын және репродуктивті функцияға теріс факторлардың әсерін бағалау әдістемесін әзірлеу;
-құлақ, көз, жұтқыншақ, тіл және мұрын қуысы, сүйек ісіктері және жануарлардың тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндері патологиясы кезінде диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеу;
-аса қауіпті трансшекаралық зооноздар кезінде алдын алу және сауықтыру іс-шаралары жүйесін әзірлеу;
-жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу және диагностикалау үшін биологияның заманауи жетістіктерін қолдану;
-жануарлардың аралас ассоциативті ауруларымен күресу шараларын ұйымдастыру және жүргізу;
2. Өндірістік-басқарушылық:
-жануарлардың жұқпалы емес ауруларының алдын алу бойынша іс-шараларды енгізу, әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық көмек көрсету;
-өндірістік кәсіпорындардың жұмыскерлерін іріктеу және кәсіби даярлау;
-жануарлардың аса қауіпті және инвазиялық ауруларынан сауықтыру жолдарын инновациялық әдістермен шешу;
-қазіргі заманғы эмбриология мен иммунологияны енгізу, ветеринариялық репродуктологияда қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, емдеу-алдын алу жұмыстарының сапасын бағалау;
-офтальмология, стоматология және отоларингология, сүйек ісіктері және тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндері кезінде емдеу-алдын алу іс-шараларын енгізу;
-малдардың беймәлім ауруларын қоздырғыштарын елге әкелудің ықтимал қауіптерінен объект аумағын қорғау және жұмыскерлерді басқару.
3. Ғылыми-зерттеу:
-клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде мүшелер мен жүйелердің қалыпты және патологиялық жай-күйінің деңгейін анықтау;
-жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын емдеудің дәстүрлі емес әдістерін әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-аналық жасушалардың жіктелуін, онтогенезін, эмбриогенез кезеңдерін, ұсақтауды, гаструляцияны, ұрықтан тыс мүшелерді, жануар ағзасының резистенттілігі мен иммунологиялық реактивтілігін зерттеу;
-офтальмологиялық, стоматологиялық және отоларингологиялық зерттеулер жүргізу, жануарлардың тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндері мен сүйектерінің ісіктерін зерттеу.
-зооноздардың таралуының экологиялық аспектілерін зерттеу мақсатында аса қауіпті трансшекаралық зоноздардың эпизоотологиялық мониторингі;
-жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларын диагностикалау құралдарын әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-жануарлардың жұқпалы және инвазиялық ауруларының алдын алу үшін биологиялық құралдарды әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-ықтимал қауіпті өндірістерді бағалау және жұмыс орындарын және қауіпсіздігін ұйымдастыру
4. Ғылыми-педагогикалық:
-ветеринария пәндерін оқытудың заманауи әдістерін меңгеру;
-барлық деңгейдегі ветеринариялық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу;
-педагогикалық қызмет барысында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.
- ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында;
-ветеринарияның барлық салаларында, ветқадағалау кәсіпорындарында, шаруашылықтың әртүрлі түрлерінде, ұйымдарда, ветеринарлық, биологиялық және ауыл шаруашылығы бағытындағы фирмаларда инновациялық өндіріс мәселелері бойынша;
-білім беру ұйымдарында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
-кәсіби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда.