Білім алушылардың уақытын тиімді пайдалану және емтихан алдындағы қобалжуларын азайту мақсатында "БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ" жоғары мектебі Алмарасан шатқалында Тимбилдинг өткізді! Іс-шара барысында студенттер оқытушыларымен қосылып, бірнеше командаларға бөлініп арқан тарту, эстафеталық жарыстар, логикалық сұрақтар сынды қызықты ойындар ойнау арқылы өзара сайысқа түсті. * Мұндай сайыс студенттердің бірлігін, топтасып жұмыс жасау қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. * Білім алушылар еліміздің әсем табиғатын тамашалап, таза ауамен тыныс алып, қаланың күйбең тіршілігінен бір уақыт демалып қайтты. * Сондай-ақ, факультетіміз оқытушылары студенттерге жалпы және орман қауіпсіздік шаралары туралы айтып, тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға шақырды. * Тимбилдинг жоғары деңгейде өтіп, студенттер өз ризашылығын білдіріп жатты. Демалыстан кейін студенттерді жатақханаларына дейін жеткізіп, әрбір студенттің қауіпсіз үйлеріне жетуі қадағаланды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник