Ғылыми қоғамдастықты ғылым жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысына қатысуға тарту туралы ақпарат
Құрметті ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлер!
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылғанын хабарлайды.
Ғылыми қоғамдастықты ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстарды ұйымдастыру, ғылыми инфрақұрылымды дамыту, ғылыми кадрларды қолдау, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және ғылым саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз.
Ұсыныстарда нақты мәселе, оның негіздемесі және ықтимал шешу жолдары көрсетілуі тиіс.
Ұсыныстарды жолдау тәртібі: Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызметі» – «Сарапшылық кеңестер» бөлімі арқылы тиісті комитетті таңдап, ұсыныс жолдауға болады.
Сілтеме: https://quryltai.kz/ru/activity/expert-councils/committee/8