Республика күніне арналған студенттік флешмоб

Республика күніне арналған студенттік флешмоб

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің №10 оқу корпусының алдында Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік флешмоб өтті. Іс-шараға «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің студенттері қатысты. Флешмобты академик Н. О. Базанова атындағы жануарлар биологиясы кафедрасы жоспарлап, ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың бойында отансүйгіштік сезімді нығайту, туған елге деген құрметті арттыру және ұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу. Студенттер флешмобқа белсене қатысып, Отанға деген сүйіспеншілігі мен ел болашағына деген ортақ жауапкершілігін білдірді.

Мерекелік флешмоб студент жастардың басын қосып, бірлік пен ынтымақтың маңызын айқындады. Мұндай бастамалар жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.

Республика күні құтты болсын! Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын!


---------Chatbot---------
виртуальный помощник