🏆 KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «SHABYT – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ!
21 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Креативті индустриялардың халықаралық форумы» аясында «SHABYT – 2026» республикалық шығармашылық фестивалі өтті.
Фестивальге еліміздің жоғары оқу орындарынан 100-ден астам студент қатысып, ұлттық би, заманауи би және вокал бағыттары бойынша өнер көрсетті.
🌟 KazNARU студенттері өнер додасында жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
🏆 ЗАМАНАУИ БИ – ГРАН-ПРИ!
«FOYD», «WayB» және «One» би топтары бірлесіп Гран-при жеңіп алып, 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды!
Би ұжымдарының жетекшілері:
-
Мадина Каримова – «FOYD» би клубы;
-
Айшагүл Алмабек – «WayB» би тобы;
-
Ләззат Қайрат – «One» би тобы.
🎤 ВОКАЛ БАҒЫТЫ БОЙЫНША:
🥉 Жасұлан Тасболат – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінің 3-курс студенті, III орын иегері. Ақшалай сыйлығы – 40 000 теңге.
🎖️ Жалғас Сапарбек – Су ресурстары және IT-технологиясы факультетінің 3-курс студенті, дипломант. Ақшалай сыйлығы – 25 000 теңге.
Фестиваль жастардың шығармашылық әлеуетін танытуға, тәжірибе алмасуға және университеттер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
✨ Студенттеріміз республикалық фестивальге қатысуына қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті, академик Ақылбек Күрішбаевқа, сондай-ақ Тәрбие және әлеуметтік іс жөніндегі департаментіне алғыстарын жеткізді.
Фестивальді жоғары деңгейде ұйымдастырып, шығармашыл жастарға қолдау көрсеткені үшін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Еркінбаеваға және ұйымдастырушыларға шынайы алғыс білдіреміз!
👏 Студенттеріміз бен би ұжымдарының жетекшілерін құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!