ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

KazNARU-да «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімін кеңейту және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Кездесуді Жастар ісі жөніндегі басқарманың әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маманы Мақсат Иманбеков ашып, тақырыптың өзектілігіне тоқталды. Ол Конституцияны білу әр азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін түсінуінің негізі екенін атап өтті.
Кездесу барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтардың міндеттері кеңінен түсіндірілді. Білім алу, еңбек ету, кәсіби даму, пікір білдіру еркіндігі, заң алдындағы теңдік және қоғамдық өмірге қатысу секілді конституциялық құқықтар сөз болды.
Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ақмарал Қожабекова конституциялық нормаларды білу азаматтардың өз құқықтарын қорғап, міндеттерін жауапкершілікпен орындауына негіз болатынын жеткізді.
Сондай-ақ Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және құқықтық мемлекет қағидаттары талқыланды. Заң талаптарын сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу ашық пікір алмасумен жалғасты. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, конституциялық құқықтардың күнделікті өмірдегі маңызы туралы ой бөлісті.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін тереңдетіп, заңға құрмет пен жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник