KazNARU МЕН ҚЫТАЙ УНИВЕРСИТЕТІ СЕЛЕКЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

KazNARU МЕН ҚЫТАЙ УНИВЕРСИТЕТІ СЕЛЕКЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

KazNARU-ға Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Шығыс ауыл шаруашылығы университетінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Тараптар аграрлық ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Негізгі назар бірлескен селекциялық зертхана мен орталық құруға, ғылыми жобалар әзірлеуге, далалық сынақтар жүргізуге және зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге аударылды.

Сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары, академиялық және кәсіби алмасу, ғылыми семинарлар мен конференциялар өткізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Бұдан бөлек, астық пен түйе сүтін терең өңдеу бағытындағы ынтымақтастық сөз болды. Кездесу қорытындысында тараптар бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник