«YESSENOV LAUNCH PAD – 2026» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«YESSENOV LAUNCH PAD – 2026» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры «YESSENOV LAUNCH PAD – 2026» бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады.

Бағдарламаның мақсаты – кәсіби және өмірлік міндеттерді жоғары сапалы деңгейде шешуге көмектесетін hard skills және soft skills дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру.

Бағдарлама аясында қосымша білім алуға арналған 10 грант қарастырылған. Бір гранттың көлемі 600 000 теңгеге дейін. Грант иегерлері ұзақтығы 10 айға дейінгі екі онлайн және/немесе офлайн курстан аспайтын оқу бағдарламаларын таңдай алады.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары:

  • бакалавриаттың соңғыдан бұрынғы және соңғы курс студенттері;

  • магистранттар;

  • докторанттар;

  • жұмыс істеп жүрген мамандар.

Үміткерлер жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, өңдеу және құрылыс, денсаулық сақтау бағыттарының бірінде білім алуы немесе жұмыс істеуі тиіс.

Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 10 қыркүйек – 14 қазан.
Өтінім қабылдау 14 қазанда Астана уақытымен (GMT+5) сағат 15:00-де аяқталады.

Өтінімді yessenovfoundation.org сайтында онлайн толтыру қажет.

Өтінімге жеке куәліктің сканерленген көшірмесі, эссе және түйіндеме/CV тіркеледі. Қосымша ретінде портфолио, ұсыным хат, сертификаттар, жарияланымдар, диплом және әлеуметтік белсенділікті растайтын құжаттар ұсынылуы мүмкін.

Байқау екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде өтінімдер бағаланады, екінші кезеңде іріктелген үміткерлермен онлайн-сұхбат өткізіледі. Қорытынды шешім 2026 жылғы 10 қарашада қабылданады.

Бағдарлама шарттары, іріктеу талаптары және қажетті құжаттардың толық тізімі төменде тіркелген Ережеде көрсетілген.

Толық ақпарат: yessenovfoundation.org

Байланыс:
Айгерім Султан — aigerim.s@yessenovfoundation.org
+7 701 627 9607

Байқау ережесі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник