I-CRAFT 2026: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНДІРІСІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

I-CRAFT 2026: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНДІРІСІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Құрметті ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, ғылыми ұйымдар мен салалық қауымдастық өкілдері!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) және Çukurova University (Түркия Республикасы) сіздерді ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі технологиялары саласындағы зерттеулерге арналған VI Халықаралық конференцияға – I-CRAFT 2026 (International Conference on Research of Agricultural and Food Technologies) қатысуға шақырады.

Конференция 2026 жылғы 22–24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) өтеді.

Конференцияны аталған ұйымдар бірлесіп ұйымдастырады. Іс-шара аграрлық ғылым, азық-түлік өндірісі технологиялары және тұрақты даму салаларындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылардың басын қосады.


Өткізілетін күні мен орны

📅 2026 жылғы 22–24 қыркүйек

📍 Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы


Маңызды күндер

📌 2026 жылғы 20 тамыз — ерте тіркелу (Early Bird) кезеңінің аяқталуы.

📌 2026 жылғы 21 тамыз — мақала тақырыбы мен тезистерді (Abstract) ұсынудың соңғы күні.

📌 2026 жылғы 5 қыркүйек — конференция бағдарламасының жариялануы.

📌 2026 жылғы 15 қыркүйек — мақалалардың толық мәтіндерін қабылдаудың аяқталуы.

📌 2026 жылғы 25 қазан — конференция материалдарының жариялануы.


Ұйымдастырушылар

* Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы;
* Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU);
* Çukurova University (Түркия Республикасы).


Конференция туралы

I-CRAFT 2026 – ауыл шаруашылығы, азық-түлік технологиялары және тұрақты даму салаларындағы заманауи ғылыми жетістіктерді, ғылыми әзірлемелер мен инновациялық шешімдерді талқылау үшін ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, салалық ұйымдар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ жас ғалымдардың басын қосатын халықаралық ғылыми алаң.

Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда, ТДМ 2 «Аштықты жою» және ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарына сәйкес өткізіледі.

Конференцияның негізгі мақсаты – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, озық ғылыми біліммен алмасу және инновациялық шешімдерді агроөнеркәсіптік кешенге енгізуге ықпал ету.

Қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерін таныстыруға, жаһандық өзекті мәселелерді талқылауға, жаңа ғылыми байланыстар орнатуға және халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүмкіндік алады.


Конференцияның негізгі бағыттары

I-CRAFT 2026 аясында келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелер қарастырылады:

* ауыл шаруашылығы және аграрлық ғылымдар;
* азық-түлік технологиялары және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
* агроинженерия;
* биотехнология;
* тұрақты даму және «жасыл» технологиялар;
* агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру;
* ауыл шаруашылығындағы жасанды интеллект;
* дәлме-дәл (ақылды) ауыл шаруашылығы технологиялары;
* үлкен деректер (Big Data) және цифрлық платформалар;
* машиналық көру;
* роботтандырылған технологиялар;
* Жерді қашықтықтан зондтау және географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ);
* ұшқышсыз технологиялар;
* климаттың өзгеруіне бейімделген ауыл шаруашылығы;
* биоэнергетика және биожанармай;
* ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
* азық-түлік өнімдерін өндірудің инновациялық технологиялары;
* табиғи ресурстар мен су жүйелерін басқару;
* агроөнеркәсіптік кешен дамуының заманауи үрдістері.


Ғылыми жұмыстарды жариялау

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын жариялау жоспарлануда.

Сонымен қатар үздік ғылыми жұмыстардың авторларына сараптамалық рецензиялаудан өткеннен кейін халықаралық ғылыми басылымдарда және серіктес журналдарда жариялану мүмкіндігі ұсынылады.

Барлық материалдар ағылшын тілінде қабылданады және тәуелсіз сарапшылардың қосарлы жасырын рецензиялауынан (double-blind peer review) өтеді.


Жұмыс тілі: Ағылшын тілі.

Барлық ғылыми мақалалар мен баяндамалар ағылшын тілінде ұсынылып, таныстырылады.


Тіркелу және материалдарды ұсыну

🌐 Конференцияның ресми сайты: https://icraft-conference.com

📝 Қатысушыларды тіркеу: https://icraft-conference.com/submission/

📧 Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасы: info@icraft-conference.com


Қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастыру комитеті ғалымдарды, оқытушыларды, ғылыми қызметкерлерді, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерін, докторанттарды, магистранттарды, жас ғалымдарды, агроөнеркәсіптік кешен мамандарын және салалық бизнес өкілдерін I-CRAFT 2026 VI Халықаралық конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысу сіздерге:

* ғылыми зерттеулеріңіздің нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстыруға;
* жаңа академиялық және кәсіби байланыстар орнатуға;
* әртүрлі елдердің жетекші ғалымдары мен сарапшыларымен тәжірибе алмасуға;
* аграрлық ғылым, азық-түлік технологиялары және цифрлық ауыл шаруашылығы дамуының заманауи үрдістерін талқылауға;
* халықаралық ғылыми ынтымақтастықты және ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялау мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сіздерді Алматы қаласында өтетін I-CRAFT 2026 VI Халықаралық конференциясында қарсы алуға қуаныштымыз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник