МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәліктер үш жұмыс күні ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

KazNARU мемлекеттік білім беру грантының иегері атанған барлық талапкерлерді шын жүректен құттықтайды! Бұл жетістік – сіздердің табанды еңбектеріңіз бен білімге деген ұмтылыстарыңыздың нәтижесі. Сіздерге сапалы білім, жарқын студенттік өмір, толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз. Студенттік жылдар жаңа мүмкіндіктерге, ғылыми ізденістерге, жарқын идеяларға және үлкен жетістіктерге толы болсын!

2026–2027 оқу жылына қабылдануға қатысты маңызды мерзімдерді өткізіп алмаңыз!

Қабылдау науқаны бойынша қосымша ақпаратты KazNARU Call-орталығының төмендегі байланыс нөмірлері арқылы ала аласыздар:

  • +7 (747) 264-08-54
  • +7 (727) 264-06-13
  • +7 (776) 043-40-27
  • +7 (778) 185-86-23
  • +7 (708) 986-23-90
  • +7 (700) 277-95-10
  • +7 (707) 964-12-76

KazNARU-да кездескенше!

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник