KazNARU-да АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ-ТАҒЫЛЫМДАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

KazNARU-да АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ-ТАҒЫЛЫМДАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2026 жылғы 22–27 маусым аралығында KazNARU-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасының «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің студенттеріне арналған халықаралық оқу-тағылымдама өтті.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, халықаралық тәжірибе алмасуды дамыту, сондай-ақ су шаруашылығы, ирригация және мелиорация салаларындағы заманауи ғылыми жетістіктермен таныстыру.
Оқу-тағылымдама барысында қатысушылар KazNARU-дың оқу және ғылыми-зерттеу қызметімен танысып, су ресурстарын тиімді басқару, ирригация және мелиорация бағыттары бойынша дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға және кәсіби кездесулерге қатысты. Сонымен қатар университеттің зертханалары мен оқу-тәжірибелік базаларының жұмысымен танысты.
Іс-шараға KazNARU Практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы Бакытгуль Даулетбекқызы Есимова және ТИИИМСХ Ұлттық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалының директоры Абдурахим Сулейманович Бердышев қатысты.
Кездесу барысында академиялық ұтқырлықты дамыту, студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға KazNARU-де академиялық тағылымдамадан сәтті өткенін растайтын сертификаттар табысталды.
KazNARU халықаралық серіктестікті дамытуға және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуге ерекше мән береді. Мұндай бағдарламалар халықаралық тәжірибе алмасуды нығайтып, білім беру сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник