25 маусымда 8D081 Өсімдік шаруашылығы даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғаулар өтті
2026 жылғы 25 маусымда сағат 11:00-де және 14:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081 Өсімдік шаруашылығы (6D080100 – Агрономия; 6D080900 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандықтары; 8D08101 – Агрономия; 8D08103 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы; 8D08113 – Өсімдіктер селекциясы білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Джантасова Айгерим Сериковнаның «Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында Kale жапырақты қырыққабат дақылын (Brassica oleracea var. sabellica) интродукциялау және зерттеу» тақырыбында және Шойбекова Алима Жорабаевнаның «Fusarium патогеніне төзімді асқабақтың отандық телітушілерін жылыжайдағы қияр будандарын телу үшін таңдау» тақырыбындағы 8D08103/6D080900 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы білім беру бағдарламасы мен мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын қорғаулары өтті.
8D081 Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің №5, 6 хаттамалары негізінде Джантасова Айгерим Сериковнаға және Шойбекова Алима Жорабаевнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.








