«АГРОБИОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ АЛҚАБЫНДА ЕГІНЖАЙ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

«АГРОБИОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ АЛҚАБЫНДА ЕГІНЖАЙ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Агробиология факультеті, Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 19 маусымында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы «Агроуниверситет» ОТШ-ның демонстрациялық егіс алқабында «Егінжай күні» аталып өтті.
Егінжай күніне Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылым департаментінің директоры Султанов А.А., «Агробиология» факультетінің деканы Абилдаев Е.С., факультеттің профессор оқытушылар құрамы және 6В08101-«Агрономия» және 6В08102 – «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 3 курс студенттері қатысты.
Егінжай күнінің негізгі мақсаты ауылшаруашылық дақылдары сорттарын сынақтан өткізу, өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өндіріске жаңа технологияларды енгізу болып табылады.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті дамыған елдердің озық оқу орындары секілді ғылыми білім беруге ұмтылып отырған бірден бір жоғарғы оқу орны. Университет әлемдік үздік университеттердің тәжірбиесіне сүйене отырып трансормациялануды және түрлі инновациялық жобаларды елімізге енгізу жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай университеттің жан жақты бағыттағы инновациялық жобалары бар. Атап айтқанда осы демострациялық егіс алқабында Агробиология факультеті ғалымдарының бірнеше ғылыми жобалары іске асырылуда.
- «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақшылық жағдайында бұршақ тұқымдас дақылдардың (бұршақ, ноқат, жасымық) жаңадан жасалған жоғары өнімді сорттарын өсірудің сорттық технологиясын жасау» ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.к., қауым. профессор Сайкенов Б.Р. және 8D08101 - «Агрономия» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Таңсықбай Ж.Р.
- «Экономикалық маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясына заманауи молекулалық-генетикалық, физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық әдістерді және цифрлық фенотиптеуді практикалық енгізу» ғылыми жоба жетекшісі: б.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі Туруспеков Е.К. және 8D08113 - «Өсімдіктер селекциясы» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты Ешенгалиева А.Н.
- «Қазақстан Республикасы аумағында пестицидтерді сынақтан өткізу» бірнеше ауылшаруашылық дақылдары бойынша, ғылыми жоба жетекшісі: а.ш.ғ.к., қауым. профессор Каирова Г.Н.
Сонымен қатар студенттердің теориялық алған білімдерін практика жүзінде өз қолдарымен жұмыс жасап, ауылшаруашылығы дақылдарының барлық вегетациялық кезеңдеріне талдау жүргізіп, агротехнологияларын меңгеріп, үйренуде. Сәуір айнынан бастап 6В08101-«Агрономия», 6В08102 – «Топырақтану және агрохимия» және 6В08106 – «Агроэкология» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 2 және 3 курс студенттері толығымен өндірістік тәжірибеден өтуде. Жауапты профессор оқытушылар: «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының қауым. профессоры а.ш.ғ.к. Сайкенов Б.Р., а.ш.ғ.к., аға оқытушы Бекбауов М.Д. және «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының аға оқытушысы Жаманғараева А.Н. Сонымен қатар магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстары да осы алқапта жүргізілуде.
Осы аталған іс-шара қорытындысы бойынша еліміздің барлық аймағына, яғни шаруақожалықтары мен фермелерге осы ғылыми жоба тәжірбиелерін үлгі ету және ұсыныстар беру. Бұл мақсатқа Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Агробиология факультетінің ғалымдары дайын.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник