ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

KazNARU ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ
 
2026 жылғы 29 мамыр күні
🕚 сағат 11:00–13:00 аралығында
 
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Медеу ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңкеге қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру, талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, мамандықтар бойынша мүмкіндіктері және аграрлық саладағы сұранысқа ие бағыттар туралы ақпарат ұсыну.
Жәрмеңке барысында талапкерлер мен ата-аналар KazNARU-дың білім беру бағыттары, оқу үдерісі, студенттерге жасалған жағдайлар, жатақхана, әскери кафедра, халықаралық байланыстар және қабылдау науқаны бойынша қажетті мәліметтер ала алады.
 
📍 Өткізілетін орны:
Алматы қаласы, Пушкин атындағы аллея
М. Мақатаев және М. Мәметова көшелерінің қиылысы
 
Жауаптылар:
Ибрагимов П.Ш., Алпысбаева Г.Е., Қайырбаева А.Е., Абильдаев Е.С.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник