«Саяси қуғын-сүргін және Алаш зиялылары» тақырыбында Агробиология факультетінің 2-курс студенттерімен дөңгелек үстел өтті
2026 жылдың мамырдың 28 жұлдызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының, философия пәнінің аға оқытушысы Ә.Н. Нұрақынов 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» арналған «Саяси қуғын-сүргін және Алаш зиялылары» тақырыбында Агробиология факультетінің 2-курс студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы сталиндік саяси қуғын-сүргін кезеңінің тарихи-саяси себептері мен салдарын талдау арқылы білім алушылардың тарихи санасын дамыту, Алаш қозғалысы зиялыларының ұлттық мемлекет, білім, тіл және рухани тәуелсіздік жолындағы идеяларының қазіргі Қазақстан үшін маңызын ұғындыру. Сонымен қатар, тоталитарлық жүйенің интеллигенцияға қарсы жүргізген саясатының мәнін ашып, сыни ойлау мен қоғамдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге университетіміздің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі – филология ғылымдарының кандидаты Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы мен Агробиология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Мұрат Жәудір Нұрланқызы және 2-курс студенттері қатысып, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін кезеңінің тарихи-саяси ерекшеліктері мен оның қазақ қоғамына тигізген зардаптары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, Алаш қозғалысы зиялыларының ұлттық мемлекет қалыптастыру, білім беру жүйесін дамыту және қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы ағартушылық қызметінің маңызы сараланды. Білім алушылар тарихи деректер мен ғылыми тұжырымдар негізінде пікір алмасып, тоталитарлық жүйенің ұлттық интеллигенцияға қарсы жүргізген саясатына сыни тұрғыдан талдау жасалды.
Іс-шара барысында Қазақстандағы сталиндік саяси қуғын-сүргін кезеңі – қазақ халқының тарихи жадында терең із қалдырған қасіретті кезеңдердің бірі екендігі атап өтілді. Алаш қозғалысы зиялыларының ұлттың еркіндігі, білім мен рухани жаңғыру жолындағы қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін маңызды рухани-идеялық мұра ретінде бағаланды. Іс-шара барысында білім алушылар тарихи сананы қалыптастырудың, ұлттық құндылықтарды сақтаудың және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын терең түсінді.
ҚазҰАЗУ-да өткізілген бұл шара Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету – өткен тарихқа құрмет көрсетумен қатар, болашақ ұрпақтың тарихи жадын қалыптастырудың маңызды көрінісі екендігі атап өтілді. Алаш қозғалысы зиялыларының еркіндік, білім және ұлттық сана жолындағы мұрасы тәуелсіз Қазақстанның рухани негіздерінің бірі ретінде бағаланды. Іс-шара барысында тарихи жадыны сақтау, тоталитарлық жүйе зардаптарын ұмытпау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ел болашағы үшін маңызды азаматтық әрі рухани міндет екендігі жөнінде ой түйінделді.



.jpeg)
