«SUMMER SPEAKING CLUB» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«SUMMER SPEAKING CLUB» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2026 жылғы 25 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған «Summer Speaking Club» халықаралық жазғы лагері өз жұмысын бастады.
Жазғы лагерь АҚШ-тан келген оқытушылар мен студенттердің қатысуымен ұйымдастырылып, білім алушыларға ағылшын тілін тілдік ортада тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік берді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, коммуникативтік құзыреттілігін арттыру және халықаралық тілдік ортада тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Іс-шараға Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы, Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы, шет тілі пәндерінің оқытушылары, университет студенттері, Америка Құрама Штаттарынан келген оқытушы Джейсон Коп және америкалық студенттер қатысты.
Жазғы лагерь аясында студенттердің ағылшын тіліндегі ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, еркін әрі сенімді коммуникация қалыптастыру, интерактивті әдістер арқылы тілдік тәжірибе алмасу, халықаралық мәдени және академиялық байланыстарды дамыту көзделген.
Бағдарлама студенттердің коммуникативтік қабілеттерін дамытуға және ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Сабақтар «Celebrities», «Phrasal Verb Practice», «Advertising», «Goals», «Being a Peacemaker», «Overcoming Fears», «Jobs», «Habits» тақырыптары бойынша интерактивті форматта өтті.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник