KazNARU ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЖАТТЫҒУҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ
2026 жылдың мамырдың 14 жұлдызында сағат 11:00-де «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығуға белсене қатысты.
Белгіленген уақытта қалалық құлақтандыру жүйесі — «Баршаның назарына!» дабыл белгісі берілді. Дабылдан кейін KazNARU қызметкерлері мен білім алушылары оқу ғимараттары мен жатақханалардан ұйымдасқан түрде шығып, төтенше жағдай кезіндегі белгіленген жиналу орны — университет стадионына жиналды.
Жиналу орнында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маман Молдагулов Е.О. жер сілкінісі кезіндегі дұрыс әрекет ету тәртібі бойынша нұсқаулық өткізіп, қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай туындаған жағдайда сақталуы тиіс негізгі талаптарды түсіндірді.
Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлер мен білім алушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі дайындық деңгейін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жедел әрекет ету дағдыларын нығайтуға ықпал етеді.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)

