KazNARU-ДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

KazNARU-ДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

2026 жылғы 13 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің ұйымдастыруымен түлектерге арналған дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Іс-шара студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға, жас мамандарды еңбек нарығына бейімдеуге және олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды. Жәрмеңкеге 250-ге жуық білім алушы қатысып, өз саласы бойынша жетекші ұйымдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың және түлектерді еңбек нарығына бейімдеудің маңызын атап өтті.
«Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сарсекова Дани Нургисаевна түлектердің кәсіби даярлығы мен жұмыс берушілермен тұрақты байланыс орнатудың маңызына тоқталды.
Жәрмеңкеге еліміздің түрлі салаларындағы компаниялар мен ұйымдар қатысты. Олардың қатарында «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК, «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК, «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі РМҚК, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» КМҚК, «GROUP TMT» ЖШС, «Kargaly Fish» ЖШС, «Королевский садовник» ЖШС, «GreenEco» ЖШС, Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалдары, «ГЕО МастерА» ЖШС және басқа да ұйымдар болды.
Іс-шара барысында студенттер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары, тағылымдама бағдарламалары, кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Өз кезегінде компания өкілдері болашақ жас мамандардың дайындық деңгейімен танысып, әлеуетті қызметкерлерді іріктеу мүмкіндігіне ие болды.
Жәрмеңке аясында ашық диалог орнап, бірқатар студенттер тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу бойынша алдын ала ұсыныстар алды. Факультет ұжымының үйлесімді жұмысы мен жоғары ұйымдастырушылық деңгейі іс-шараның нәтижелі өтуіне ықпал етті.
KazNARU білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына және табысты мансап құруына қолдау көрсетуді жалғастырады.
 
KazNARU Баспасөз қызметі
 
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник