KazNARU БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА START-UP БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2026 жылдың 5 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Smart AgroScience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында университет білім алушылары арасында START-UP жобалар байқауы өтті.
Байқауға 17 команда қатысып, агроөнеркәсіп, ветеринария, жасанды интеллект, азық-түлік өндірісі, экология және инженерлік технологиялар бағыттары бойынша инновациялық жобаларын ұсынды. Жобалар мал шаруашылығындағы биоқауіпсіздікті күшейтуге, қызмет көрсету мен құжат айналымын цифрландыруға, ұлттық және пайдалы тағам өнімдерін өндіруге, қалдықтарды қайта өңдеуге, су мен ресурстарды үнемдеуге, сондай-ақ жаңа техникалық шешімдерді енгізуге бағытталды.
START-UP жобаларды сараптау мақсатында құрылған комиссия құрамына «Sinoasia B&R сақтандыру компаниясы» АҚ басқарушы директоры Тимур Сагимбаев, ҚазҰАЗУ Коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі Алим Сугирбаев, ҚазҰАЗУ Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының директоры Нурлан Сандыбаев және ҚазҰАЗУ ҒЗИ және ТШ қызметін үйлестіру орталығының жетекші маманы Аскар Баймуханов енді.
Комиссия мүшелері жобаларды бағалау барысында баяндаманың құрылымдылығы мен түсініктілігіне, мәселенің өзектілігі мен шешімнің жаңашылдығына, жобаның өміршеңдігіне, нарықтағы сұранысы мен бәсекеге қабілеттілігіне, инвестициялық тартымдылығына, сондай-ақ жобаны ұсыну деңгейіне, презентациялық материалдардың сапасына және уақыт регламентінің сақталуына назар аударды.
Комиссия шешімімен 6 START-UP жоба жеңімпаз атанды:
І орын – «ACS System – жаңа инновациялық өнімге ЖИ көмегімен нормативтік құжат әзірлеу және сәйкестігін бағалау» жобасымен Q-Team тобы. Команда мүшелері: «6В07501 – Стандарттау және сертификаттау» БББ студенттері Молиханова Аружан, Сабурбай Аяна, Рахат Зейнеп.
ІІ орын – «AI-QService – қызмет көрсету сапасын объективті бағалайтын AI негізіндегі цифрлық платформа» жобасымен SERV-Q тобы. Команда мүшелері: «6В07501 – Стандарттау және сертификаттау» БББ студенттері Орынтай Мәншүк, Рейипназарова Тумарис.
ІІ орын – «Smart Reactive Trailer Skin» жобасымен Aura тобы. Команда мүшелері: «6В11302 – Логистика (сала бойынша)» БББ студенті Ақмалиқызы Аружан және «6В11301 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» БББ студенті Қайрат Ләззат.
ІІІ орын – «ZENTIQ – жент негізінде жасалған, заманауи форматта ұсынылған денсаулыққа пайдалы печенье» жобасымен Dalaryx тобы. Команда мүшелері: «6B07210 – Тағам қауіпсіздігі» БББ студенттері Тәліп Жаннұр, Алимхан Ақмөр.
ІІІ орын – «ДәмBerry» жобасымен ISO-2 тобы. Команда мүшелері: «6В07501 – Стандарттау және сертификаттау» БББ студенттері Мырзахмет Асылбек, Бейсенбай Мағжан.
ІІІ орын – «VetSkanPass» жобасымен VS-Team тобы. Команда мүшелері: 7М09102 «Ветеринариялық санитария» БББ магистранты Зауатбекова Дилара, 6В09104 «Ветеринария» БББ студенті Қадыр Аслан және 6В09102 «Ветеринариялық санитария» БББ студенті Сағат Гүлден.
Жүлдегерлерге конференцияның жабылу салтанатында дипломдар мен ақшалай сыйлық сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан өзге командаларға сертификаттар мен демеушілер тарапынан естелік сыйлықтар берілді.
Жалпы, байқауға ұсынылған жобалар экономиканың тиімділігін арттыруға, импортты алмастыруға, инновациялық шешімдерді дамытуға және жастардың ғылыми-кәсіпкерлік әлеуетін нығайтуға бағытталды.



.jpeg)









