ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР МЕН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМГЕ ҚАДАМ
2026 жылғы 4 мамырында Қонаев қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп базасында «Жасанды интеллект негіздері: білім беру саласындағы мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Іс-шараны Қонаев қалалық білім бөлімі ұйымдастырып, білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, педагогтердің цифрлық дағдыларын дамыту мақсат етілді.
Семинарға Қонаев қалалық білім бөлімінің басшысы Құрманалиева Мөлдір Ахметжанқызы, әдістемелік орталық жетекшісі Исаева Назым Турсунгазиевна, сондай-ақ қаладағы 15 білім беру ұйымының директорлары мен 45 педагог- профориентологтар қатысты.
Мектеп директоры Ким Виталий Борисович семинардың маңыздылығына тоқталып, жасанды интеллекттің білім сапасын арттырудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар іс-шараға «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының өкілі Қимадиев Нарық Қимадиұлы қатысып, білім мен қоғам байланысының өзектілігін айтты.
Іс-шараның ерекше бөлігі ретінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) атынан Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы баяндама жасап, университетіміздің бәсекеге қабілетті жоғары оқу орны екенін атап өтті.
Сонымен қатар, «IT технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Алишева Жанат Нұрқуатқызы Қытай Халық Республикасымен бірлескен «Жасанды интеллект» бағыты бойынша екі дипломды білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Аталған мектептің негізгі таңдау пәндері – химия, биология, физика және математика болғандықтан, бұл бағыттар KazNARU-дың білім беру бағдарламаларындағы бейіндік пәндермен тығыз сәйкес келетіні атап өтілді.
Біздің өкілдеріміз мектеп директорлары мен педагог-профориентологтарға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, заманауи білім беру бағдарламалары жөнінде кеңінен ақпарат ұсынды.
Атап өту керек, 2024 жылы Алматы облысының білім басқармасы, сондай-ақ облыстағы білім беру бөлімдері мен мектеп директорларымен жасалған меморандум негізінде бірлескен іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, нәтижелі жүзеге асырылып келеді.
KazNARU Баспасөз қызметі


























