KazNARU-да БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

KazNARU-да БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

2026 жылдың 29 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» жоғары мектебінде түлектерді жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға экономика, менеджмент, құқық және басқа да салалар бойынша жетекші жұмыс берушілер, ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Жәрмеңке барысында студенттер болашақ жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, еңбек нарығындағы сұраныс, бос жұмыс орындары, тағылымдамадан өту және мансаптық даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер өз түйіндемелерін ұсынып, нақты ұсыныстармен танысты және жұмыс берушілермен кәсіби байланыс орнатты.

Университеттің басты мақсаты — студенттерді еңбек нарығына бейімдеу, олардың кәсіби жолын дұрыс қалыптастыру және түлектерді жұмыспен қамту деңгейін арттыру. Осындай кездесулер жас мамандардың мансаптық өсуіне қолдау көрсететін нақты әрі маңызды қадам болып табылады.

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник