KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
2026 жылғы 16 сәуірде Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде студенттер арасында қаржылық сауаттылық бойынша олимпиада өтті.
Аталған білім сайысына Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Бизнес және құқық жоғары мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Амиров И. және Мергенбай А. қатысты. Студенттердің ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Т. Сапарова.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өз жобаларын қорғады. ҚазҰАЗУ командасы «Инвестиции с нуля: путеводитель для студентов» тақырыбындағы жобасын ұсынып, студенттерге арналған қаржылық сауаттылық пен инвестициялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын көрсетті.
Екінші кезеңде қатысушылар қаржылық сауаттылық бойынша тест тапсырмаларын орындады. Байқау қорытындысы бойынша ҚазҰАЗУ студенттері Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары командалары арасында жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Олимпиада студенттер үшін өз білімін тәжірибе жүзінде көрсетуге, қаржы саласындағы заманауи идеялармен бөлісуге және өзге жоғары оқу орындарының студенттерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жүлдегер студенттерді және олардың ғылыми жетекшісін құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейді!



