KazNARU-да ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ
2026 жылғы 30 сәуір күні «Инженерлік технологиялар» факультетінің ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» табысты өтті. Іс-шара студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ жас мамандарды еңбек нарығына бейімдеуге бағытталды. Жәрмеңке факультет ұжымының жоғары деңгейдегі ұйымшылдығының арқасында бір ауыздан, үйлесімді түрде ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге еліміздің түрлі салаларындағы жетекші компаниялар мен ұйымдар қатысты. Олардың қатарында энергетика, өндіріс, тамақ өнеркәсібі, көлік кәсіпорындар бар. Атап айтқанда;
- «Шин-Лайн» ЖШС
- «ДоДо Пицца» ЖШС
- «Жаркент Крахмал –сірне зауыты» ЖШС
- «ГИППО» ЖШС
- «Первомайские деликатесы» ЖШС
- «Caspian Beverage Holding» (Буратино) АҚ
- «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
- «Корпорация Сайман»ЖШС
- «Алматы электр станциялары» АҚ
- «Алматы электр механикалық зауыты» ЖШС
- «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ
- Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС
- "ЕВРАЗИЯ СТ" ЖШС
- «Шыңғар Транс» ЖШС
- «Sergek Group» ЖШС
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Оңтүстік» өңірлік филиалы
- ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі
ұйымдары өз мүмкіндіктерін таныстырды.
Іс-шара барысында студенттер компания өкілдерімен тікелей тілдесіп, бос жұмыс орындары, тағылымдама бағдарламалары және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер жас мамандардың кәсіби дайындығымен танысып, болашақ қызметкерлерді іріктеу мүмкіндігіне ие болды.
Жәрмеңке аясында қатысушылар арасында белсенді диалог орнап, бірқатар студенттер тәжірибеден өтуге және жұмысқа орналасуға алдын ала ұсыныстар алды.
KazNARU мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу арқылы білім мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтуді, сондай-ақ түлектердің табысты мансап құруына қолдау көрсетуді жалғастырады.
KazNARU Баспасөз қызметі






















