KazNARU ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

KazNARU ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

2025–2026 оқу жылы барысында Алматы қаласының Спорттық студенттік лигасы бағдарламасы аясында қыздар арасында волейболдан жарыстар өтті. Сайыстар қаланың спорттық базаларында ұйымдастырылып, оған жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
Жеребе нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қыздар құрамасы 11 команда бақ сынаған «Б» кіші тобына түсті. Тартысты ойындар мен табанды бәсекенің қорытындысы бойынша KazNARU қыздар құрамасы жүлделі III орынға ие болды.
2026 жылғы 3 мамырда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ССЛ-дың барлық спорт түрлері бойынша салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қыздар құрамасына да лайықты құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, ССЛ қорытындысы бойынша үздік либеро атағына университетіміздің 3-курс студенті, ЛР-23-05 тобының білім алушысы Жаңабергенқызы Бейбіт ие болды.
KazNARU қыздар құрамасын жеңісімен құттықтаймыз!
Студенттерімізге спортта үлкен жетістіктер, толағай табыс пен сәттілік тілейміз!
---------Chatbot---------
виртуальный помощник