KazNARU – 2026: ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
2026 жылғы 29 сәуірде KazNARU стадионында «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен «KazNARU – 2026» факультетаралық студенттер спартакиадасының жабылу салтанаты өтті.
Спартакиада аясында спорттың 7 түрі бойынша 10 жарыс ұйымдастырылды. Факультет құрама командаларын қолдаған жанкүйерлер жарыстардың тартысты әрі жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
«Бұл жарыс университет жастарының сабақтан тыс уақытта белсенді әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруына, сондай-ақ жағымды орта құруға үлкен үлес қосты», – деді «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Шекеевна Туякбаева.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:
І орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті — 49 ұпай, жүлде қоры – 300 000 теңге;
ІІ орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті — 47 ұпай, жүлде қоры – 200 000 теңге;
ІІІ орын – Су ресурстары және IT-технологиялар факультеті — 38 ұпай, жүлде қоры – 100 000 теңге.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сертификаттар, дипломдар мен кубоктарды Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлмира Егізбайқызы Алпысбаева және Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Асима Шанбаевна Ералиева табыстады.
Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Волейбол, қыздар:
1-орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті;
2-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті;
3-орын – Бизнес және құқық жоғары мектебі.
Волейбол, ұлдар:
1-орын – Инженерлік технологиялар факультеті;
2-орын – Бизнес және құқық жоғары мектебі;
3-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті.
Баскетбол, ұлдар:
1-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті;
2-орын – Бизнес және құқық жоғары мектебі;
3-орын – Су ресурстары және IT-технологиялар факультеті.
Баскетбол, қыздар:
1-орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті;
2-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті;
3-орын – Бизнес және құқық жоғары мектебі.
Үстел теннисі:
1-орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті;
2-орын – Су ресурстары және IT-технологиялар факультеті;
3-орын – Инженерлік технологиялар факультеті.
Кіші футбол, ұлдар:
1-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті;
2-орын – Инженерлік технологиялар факультеті;
3-орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті.
Кіші футбол, қыздар:
1-орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті;
2-орын – Су ресурстары және IT-технологиялар факультеті;
3-орын – Инженерлік технологиялар факультеті.
Тоғызқұмалақ:
1-орын – Су ресурстары және IT-технологиялар факультеті;
2-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті;
3-орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті.
Қол күресі:
1-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті;
2-орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті;
3-орын – Инженерлік технологиялар факультеті.
Шахмат:
1-орын – Ветеринария және зооинженерия факультеті;
2-орын – Су ресурстары және IT-технологиялар факультеті;
3-орын – Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультеті.
Сонымен қатар спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан факультет декандары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Басқарма Төрағасы – Ректор Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
KazNARU Баспасөз қызметі

.jpg)











