KazNARU СТУДЕНТТЕРІ БИОТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ БИОТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

2026 жылғы 27–28 сәуір күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Аталған білім сайысы биотехнология саласындағы заманауи ғылыми бағыттарды меңгерген, теориялық білімі терең және тәжірибелік дағдылары қалыптасқан болашақ мамандарды анықтауға бағытталған маңызды академиялық алаң болып табылады. Олимпиада барысында қатысушылар кәсіби құзыреттіліктерін кешенді түрде көрсетіп, биотехнологиялық үдерістерді талдау, ғылыми негізде шешім қабылдау және инновациялық тәсілдерді қолдану қабілеттерін дәлелдеді.
Білім бәйгесіне Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Ветеринария және зооинженерия» факультеті, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының студенттері белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының аға оқытушылары Сағымбек Ф.Ғ. және Валиева Г.А. жетекшілігімен бақ сынады. Қатысушылар олимпиаданың теориялық және практикалық кезеңдерінде ғылыми-әдістемелік дайындықтарының жоғары деңгейін, сондай-ақ зертханалық және аналитикалық жұмыс жүргізу дағдыларын тиімді көрсете білді.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының 6В05102-«Биотехнология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Лес Мухаммед жүлделі III орын иеленіп, университетіміздің ғылыми-білім беру әлеуетінің жоғары екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Аталған жетістік – білім алушылардың жүйелі даярлығы мен оқытушылардың кәсіби жетекшілігінің нәтижесі болып табылады. Бұл өз кезегінде биотехнология саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың тиімділігін көрсетеді.
Жеңімпаз студентімізді және ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта ғылыми-зерттеу қызметінде жаңа биіктерді бағындыруына, инновациялық жобаларды бағындаруына тілектеспіз.
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник