KazNARU СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

2026 жылғы 28 сәуірде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында B095 «Көлік қызметтері» бағыты бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі («Көлік логистикасы» пәні) жоғары деңгейде өтті.
Аталған олимпиада еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан жиналған дарынды студенттердің кәсіби даярлығын, аналитикалық қабілеттерін және сыни ойлау деңгейін бағалауға арналған маңызды алаңға айналды.
Сайыс барысында қатысушылар тест тапсырмаларын орындап қана қоймай, көлік-логистика саласындағы нақты өндірістік жағдайларға негізделген кейстік есептерді шешу арқылы өздерінің терең теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жан-жақты көрсетті.
Бұл білім додасына Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Инженерлік технологиялар факультетінің И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының студенттері қатысып, оқу орнымыздың абыройын лайықты қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Университетіміздің намысын қорғаған студенттер:
– 6В11302 – «Логистика (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті А. Ақмалиқызы — III орын иегері;
– 6В11301 – «Көлікті ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Е. Елеусізов.
Ғылыми жетекшілері:
– Базанова И.А. — техника ғылымдарының докторы, профессор, кафедра меңгерушісі;
– Күнтуғанқызы А. — аға оқытушы.
Студенттеріміз бен олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік — табандылық пен жүйелі еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да ғылыми ізденістері мен кәсіби қызметінде жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз.
Мұндай зияткерлік сайыстар кәсіби құзыреттілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал етіп, көлік-логистика саласының өзекті мәселелерін шешуге қабілетті жаңа буын қалыптастыруға зор үлес қосады.
KazNARU Баспасөз қызметі
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник