KazNARU ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІМЕН ЕКІ КЕЗЕҢДІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАҚСАТЫНДА ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

KazNARU ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІМЕН ЕКІ КЕЗЕҢДІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАҚСАТЫНДА ОНЛАЙН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

2026 жылдың 29 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының басшылығымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматта екі кездесу өтті.
Түркістан облысының мектеп бітіруші түлектерін толықтай қамту мақсатында кездесулер сағат 10:00-де және 12:00-де ұйымдастырылды.
Кәсіби бағдар беру кездесуін өткізуге қолдау көрсеткен Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлына алғысымызды білдіреміз.
Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының «Инновация және стратегиялық жоспарлау бөлімінің» әдіскері Айдарбекова Гүлчехра Нұрғалиқызы сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектерге алда келе жатқан ҰБТ-да сәттілік тілеп, KazNARU-ды таңдауға шақырды.
Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, сынып жетекшілері, профориентологтар, сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.
Кездесуді Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, жүргізді. Ол университетте бакалавриат деңгейінде оқытылатын білім беру бағдарламалар топтары, таңдау пәндері мен шекті баллдар туралы толық ақпарат берді.
Онлайн форматта Түркістан облысының 1106 мектебінен 34 779 бітіруші түлектер, педагогтар мен ата-аналар қосылып, кәсіби бағдар беру бойынша маңызды мәліметтер алды.
Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, университеттің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін таныстыру және ауыл шаруашылығы саласының болашағын айқындау.
Іс-шара барысында университеттің инновациялық дамудағы жетістіктері мен білім және ғылым саласындағы жаңашыл жобалары таныстырылып, KazNARU туралы презентация ұсынылды.
Бүгінде университетімізде Түркістан облысынан 1000-нан астам білім алушылар білім алуда. Бұл өңір түлектерінің ауыл шаруашылығы мен агротехнология саласына деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Жиын барысында еліміздің мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына Қабылдау комиссиясының әрдайым кеңес беруге дайын екені жеткізді.
KazNARU – сенің болашағыңа бастар жол!
KazNARU Баспасөз қызметі
 
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник