"Болашаққа бастар жол-магистратура!"
28.04.2026 6B06102 «Ақпараттық жүйелер» және 6B06103 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттеріне кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – түлектерді аталған бағыттар бойынша магистратураға түсуге ынталандыру және ғылыми-білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Кездесуді «IT- технология» кафедра физика –математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тенгаева А.А. және 1 курс магистранттары ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар магистратурада оқу мүмкіндіктері, ғылыми жобалармен жұмыс істеу және кәсіби даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат алды.
Іс-шарада 1 курс 7MB06103 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының магистранті Жүсіп Алишердің баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Ол магистратурадағы оқу тәжірибесімен және университеттің ғылыми платформасында жүзеге асырып жатқан жобаларымен бөлісті. Алишердің Сингапур университетінде «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, кейін біздің кафедраның магистратурасын таңдауы студенттер үшін үлкен мотивация болды. Оның тәжірибесі студенттердің белсенді талқылауына себеп болып, көптеген сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар, 1 курс 7M07101 «Автоматтандыру және басқару» магистранты Зордунов Тимурдың баяндамасы да үлкен қызығушылық тудырды. Ол Оңтүстік Корея университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып жатқан тәжірибесімен бөлісті. Студенттер халықаралық білім алу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
Кездесу барысында магистратурадағы оқу үдерісінің ұйымдастырылуы туралы да ақпарат берілді.
Іс-шара презентация форматында өтіп, кейін сұрақ-жауап және пікір алмасу түрінде жалғасты. Студенттер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, болашақ оқу жоспарлары туралы сұрақтар қойды.
Өткізілген кәсіптік бағдар беру кездесуі студенттердің магистратурада білімін жалғастыруға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті және мұндай іс-шаралардың түлектердің кәсіби болашағын қалыптастырудағы маңыздылығын айқындады.
.jpeg)

