«ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ ЗООИНЖЕНЕРИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫ СӘТТІ АЯҚТАДЫ
Академиялық күнтізбеге сәйкес «Ветеринария және зооинженерия» білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары өндірістік практикаларын сәтті аяқтады.

Практика барысында студенттер теориялық білімдерін іс жүзінде бекітіп, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Әсіресе, мал төлдету науқаны кезінде Райымбек ауданында сақман жұмысына қатысқан 41 білім алушы жоғары жауапкершілік пен белсенділік танытып, құнды тәжірибе жинақтады.
Өндірістік практика қорытындысы бойынша аталған студенттер Райымбек ауданы әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл – олардың еңбегіне берілген жоғары баға және болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен серпін.
Жас мамандарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Еңбекқорлық пен тәжірибе – кәсіби дамудың және табысты болашақтың берік негізі.


.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)