«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА KazNARU-ДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА KazNARU-ДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін KazNARU ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. 
Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны жақсарту. 

Сенбілік барысында университет аумағында жасыл желекті көбейту мақсатында 60 түп шаған ағашы көшеті отырғызылды.

   

 

Іс-шараға 500-ден аса студенттер мен университет қызметкерлері қатысты. Қатысушылар қажетті техникамен және құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

Жұмыс барысында оқу ғимараттарының маңы, жатақханалар аумағы, гүлзарлар мен көгалдандырылған аймақтар тазартылып, жапырақтар жиналды. Университет аумағы ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

 «Таза Қазақстан» – тек бір реттік шара емес, бұл – тұрақты экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Тазалық – әр адамның ішкі мәдениетінің айнасы, ал табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет.


#ТазаҚазақстан #KazNARU #Сенбілік #Экология #ТазаОрта 

 

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник