«PSYCHO QUEST» ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ КВЕСТ-ОЙЫНЫ: ЛОГИКА, БІРЛІК ЖӘНЕ ДАМУ АЛАҢЫ

«PSYCHO QUEST» ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ КВЕСТ-ОЙЫНЫ: ЛОГИКА, БІРЛІК ЖӘНЕ ДАМУ АЛАҢЫ

Университет аумағында “Harmony” психологиялық қолдау қызметі мен «Progress» психологиялық студенттік клубының ұйымдастыруымен «Psycho Quest» факультетаралық квест-ойыны өтті. Іс-шара студент жастардың коммуникациялық дағдыларын дамытуға, логикалық ойлауын шыңдауға, командалық өзара әрекет пен көшбасшылық қабілеттерін нығайтуға бағытталды.

 
Квестке университет факультеттерінен белсенді студенттер қатысып, жеребе арқылы құрылған командалар үш кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқы эстафеталық кезеңде қатысушылар жылдамдық, ептілік және командалық үйлесімділікті талап ететін тапсырмаларды орындады. Бұл бөлім студенттердің бір-біріне сенім артып, ортақ мақсатқа жұмыла әрекет етуінің маңызын көрсетті.
 
Логикалық квест кезеңі қарақшылар тақырыбындағы сюжетпен ұйымдастырылып, қатысушылар ребус, шифр, жасырын белгілер мен іздеу тапсырмалары арқылы қазынаға апарар жолды бірлесіп тапты. Бұл бөлімде сыни ойлау, стратегия және коллаборация дағдылары ерекше көрініс тапты.
Квесттің қорытынды ми-жарыс кезеңінде қатысушылар сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар, ассоциациялық ойындар мен шығармашылық элементтер арқылы өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Ойын форматы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, психологиялық қызметтің интерактивті форматтағы мүмкіндіктерін танытуға мүмкіндік берді.
«Psycho Quest» – тек жарыс емес, бұл студенттер арасындағы ынтымақтастықты күшейтетін, психологиялық мәдениетті насихаттайтын және даму әлеуетін ашатын орта болды. Іс-шара соңында қатысушылар марапатталып, белсенділік пен бірлікке негізделген студенттік бастамалардың маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалды.
м
---------Chatbot---------
виртуальный помощник