KazNARU ҚЫТАЙДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ҚОРЫНЫҢ (NSFC) ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2026 жылдың 24 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ситуациялық орталығында Қытайдың Ұлттық жаратылыстану ғылымдары қорының (NSFC) делегациясымен ресми кездесу өтті.
.jpeg)
Іс-шараға KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы, NSFC төрағасының орынбасары Цзян Сун, Халықаралық ынтымақтастық бюросының директоры Фань Инцзе, Азия, Африка және халықаралық ұйымдар бөлімінің бастығы Чжан Хунлян бастаған делегация және университеттің жетекші ғалымдары қатысты.
.jpeg)
Кездесу барысында тараптар өз қызметтері мен қол жеткізген нәтижелері туралы таныстырылымдар (PPT) ұсынды. KazNARU өкілдері университеттің халықаралық деңгейде мамандар даярлаудағы, соның ішінде Чжэцзян технологиялық университетімен бірлескен «Жасанды интеллект» бағдарламасы және өзге де бағыттардағы жетістіктерін таныстырды. Өз кезегінде NSFC делегациясы Қордың тарихы, іргелі ғылымдарды қаржыландыру жүйесі және жаһандық ғылыми кооперациядағы жаңа басымдықтар туралы мәлімет берді.
.jpeg)
Тараптар бір-бірінің жұмысына жоғары баға берді. Цзян Сун KazNARU-дың Орталық Азиядағы аграрлық білім мен ғылымды және халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы белсенділігін ерекше атап өтті. Ал университет басшылығы NSFC-тің әлемдік ғылымды ілгерілетудегі және стратегиялық зерттеулерді қолдаудағы тәжірибесін жоғары бағалады.

Кездесу аясында тараптар Қазақстанда бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын басқару, биоалуантүрлілікті сақтау және «ақылды ауыл шаруашылығы» салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Бұл әріптестік алдағы уақытта екі ел арасындағы ғылыми байланысты жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстанның аграрлық секторына озық инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Қонақтар университет кампусымен танысып, болашақ бірлескен жұмыстардың жоспарын белгіледі.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)