АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ГРАНТТАР БАЙҚАУЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ГРАНТТАР БАЙҚАУЫ

Алматыда Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында 2026 жылға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды.
Бұл бастама Мемлекет басшысының ғылымның рөлін күшейту және заманауи ғылыми экожүйе қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы, сондай-ақ цифрландыру жылы аясындағы даму басымдықтары негізінде жүзеге асырылуда.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалада ғылыми әлеует пен қолданбалы зерттеулерді жүйелі қолдау бағытында бірізді жұмыс жүргізілуде. Алматы дәстүрлі түрде елдің ірі ғылыми-білім беру орталығы мәртебесін сақтап келеді.
Қалада 35 жоғары оқу орны, 131 ғылыми-зерттеу институты және ғылым саласында жұмыс істейтін 142 кәсіпорын бар. Бұл Алматының дамуына қызмет ететін ауқымды зияткерлік әлеуетті қалыптастырады.
«Бастаманың мәні – қаланың нақты мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды қолдау. Бұл теориядан нақты нәтижеге көшу», – деді гранттық жоба бойынша жұмыс тобының мүшесі, PhD, Satbayev University зерттеуші-профессоры Руслан Нұрлыбаев.

БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ
Байқау Алматыны 2050 жылға дейін дамыту стратегиясында көзделген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған қолданбалы зерттеулерді қолдауға арналған.
Басты ерекшелігі – жобалардың қолданбалы сипаты. Яғни, ғылыми идеялар теория жүзінде қалып қоймай, нақты қалалық ортада іске асатын шешімдерге айналады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді.
«Жоба ғылым, мемлекет және бизнес арасындағы тиімді байланысты қалыптастыруға бағытталған. Гранттар ғылыми әзірлемелерді практикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді «Тұран» университетінің проректоры Дина Разақова.

БАСЫМ БАҒЫТТАР
Қаржыландырудың басым бағыттары:
  • жайлы қалалық ортаны дамыту
  • орнықты экономикалық өсім
  • басқарылатын урбанизация
  • әлеуметтік тұрақтылық
  • «Жасыл Алматы» бастамасы
  • «Алматы – смарт-сити» цифрлық трансформациясы
  • «Қауіпсіз қала» тұжырымдамасы
«Әкімдік гранттары ғылыми әзірлемелердің зертханада ғана емес, оның шын мәнінде экология, көлік, цифрлық сервистер және басқа да салаларда кеңінен қолданылуына бағытталған», – деді Шолпан Жаманбалаева.

ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
Өтінімдер 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында Алматы қаласы әкімдігінің кеңсесі арқылы қағаз және электрондық форматта қабылданады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
Ұйымдастырушы – Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы.
Қатысуға ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ автономды білім беру ұйымдары жіберіледі.

Гранттық қаржыландыруды іске қосу ғылымды дамыту және инновациялық шешімдерді қалалық ортаға енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам болмақ.
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник