KazNARU ЖАЙДАРМАНШЫЛАРЫ «КҮЛКІ – ЖАННЫҢ ШИПАСЫ» АТТЫ КӨҢІЛДІ КЕШ СЫЙЛАДЫ

KazNARU ЖАЙДАРМАНШЫЛАРЫ «КҮЛКІ – ЖАННЫҢ ШИПАСЫ» АТТЫ КӨҢІЛДІ КЕШ СЫЙЛАДЫ

2026 жылдың 16 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Акт залында Көңілді тапқырлар клубының факультетаралық «Күлкі – жанның шипасы» атты көктемгі маусымдық мерекелік кеші болып өтті.
Біздің университетте «Өнерлі болу – ол да байлық» ұранымен өткен іс-шараға факультеттерден 7 команда қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
«Агробиология» факультеті – «БАЛ» құрамасы; аралас команда – «БАУЫРСАҚ БАНДА»; «Ветеринария және зооинженерия» факультеті – «ВЕТСКИЙ КВАРТЕТ» және «ВЕТ СИТИ»; «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті – «У-ШУ»; «Су ресурстары және IT технологиясы» факультеті – «СУ-ДАРИЯ»; «Бизнес және құқық» жоғары мектебі – «ИП ДИНАРА» командаларын ортаға шығарып, өнерлерін ұсынды.
 
Халқымыз қашанда «Күлкі – ашылған гүл, көңіл – шашылған нұр» деп әспеттейтін әзіл-қалжың өнерін бағалау үшін қазылар алқасының құрамында «UAQYT» қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Маханбет, «Алатау SU» командасының мүшесі Олжас Алдашұлы, актер, сценарист Зейілбек Алиев, Жайдарман ойындарының чемпионы Жарылқасынов Манас және «Harmony» психологиялық қолдау қызметінің маман-психологы Мыңбай Әлішер Бекболұлы болды.
Көрермендерді көтеріңкі көңіл-күйге бөлеген жайдарманшылар арасында «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің «У-ШУ» құрамасы жүлделі І орынға ие болды.
Жүлделі ІІ орынды «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің «ИП ДИНАРА» құрамасы, ал ІІІ орынды «Агробиология» факультетінің «БАЛ» құрамасы иеленді.
Сонымен қатар «Ең үздік ойыншы» номинациясының иегері Ерланұлы Дамир атанды.
Жеңімпаздарға университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ақылбек Күрішбаевтың атынан арнайы сертификаттар мен қаржылай сыйақылар табысталды.
Жүлделеріңіз құтты болсын! Өнерлеріңіз әрқашан өрге өрлей берсін, жас таланттар!
 
KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник