КazNARU-да «БАРЫС ЖЕРІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ
Жалпуниверситеттік «Green Student Life-2026» декадасы аясында «Барыс жері» атты экологиялық флешмоб өтті. Іс-шара алдағы Халықаралық Жер күніне және Қазақстанның жабайы табиғатын қорғау мәселелеріне арналды.
Барыс бейнесінің таңдалуы кездейсоқ емес. Қазақстан аумағында мекендейтін қар барысы еліміздің табиғи байлығы мен биологиялық әртүрлілігінің символы болып саналады. Ол сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар жануар ретінде ерекше қорғауға алынған.
Акцияның ұйымдастырушылары – «Агробиология» факультетінің «Агро» экоклубының мүшелері болды.
Іс-шараға сонымен бірге «Байтақ» жасылдар партиясының, Іле-Алатауы ұлттық паркінің және ҚазҰАЗУ-дың Жасыл және тұрақты даму институтының өкілдері қатысты.
Флешмоб басталардан бұрын «NEWMAN» қоғамдық қорының негізін қалаушы және «Байтақ» партиясының волонтерлік бөлімінің жетекшісі Абугали Махамбет Мәлікұлы, Іле-Алатауы ұлттық паркінің қызметкері Тұрсымбай Кәлима Сәрсембайқызы, «Агро» экоклубының жетекшісі, аға оқытушы, биология ғылымдарының кандидаты Букенова Эльмира Абаевна Қазақстан ұлттық парктеріндегі сирек кездесетін жануарларды сақтау, оның ішінде қар барысын қорғау, экологиялық волонтерліктің өзекті мәселелері, оның қоғамдық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне қысқаша тоқталды..jpeg)
Флешмоб «Зверополис» анимациялық фильмінің музыкасына қойылған би композициясы түрінде өтті.
Флешмобты ұйымдастыруға «Агробиология» факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Ж.Мұрат, «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының меңгерушісі Ж.Сағидолдина және профессор-оқытушылар құрамы: Б.Махамедова, Э.Қуандыкова, Г.Муташева, Н.Аубакиров, Г.Үсенова, Л.Жайлыбаева, О.Сағындықова атсалысты.
Экологиялық флешмоб жастар арасында тұрақты даму мәдениетін нығайтуда және табиғатты қорғау идеяларын насихаттауда маңызды қадам болды.
.jpeg)
