"ТИАШМИИ" ҰЗУ Алматы қаласындағы филиалы халықаралық кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді
«ТИАШМИИ» ҰЗУ-нің Алматы қаласындағы филиалының директоры Бердышев Абдурахим Сулейманович Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Қыбырай ауданында орналасқан №9, 13, 20, 24 қазақ мектептерінде кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – шетелде тұратын қандас қазақ жастарын Қазақстандағы жоғары оқу орындарына тарту және оларға білім алу мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру.
Кездесу барысында талапкерлерге «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ мен «ТИАШМИИ» ҰЗУ филиалында білім алу шарттары, ұсынылатын мамандықтар, оқу процесі және студенттерге жасалатын жағдайлар туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қандастарға көрсетілетін жеңілдіктер мен қолдау шаралары кеңінен түсіндірілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, болашақ білім алу бағыттары бойынша бағыт-бағдар ұсынылды.
Мұндай кәсіби-бағдар беру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.



