KazNARU-ДА «ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМЫ: ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

KazNARU-ДА «ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМЫ: ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Ғылым күніне орай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ветеринария ғылымының дамуы мен тарихи сабақтастығына арналған «Ветеринария ғылымы: тарихтан тағылым, болашаққа бағдар» атты ғылыми-академиялық кездесу және Жауынбай Жылқыбайұлының аттас кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның мақсаты – ветеринария ғылымының қалыптасу кезеңдерін саралау, қазіргі даму бағыттарын талқылау және саладағы ғылыми ой мен тәжірибелік ізденістерді ұштастыру болды. Кездесу барысында ветеринария саласының өзекті мәселелері қозғалып, ғылым мен тәжірибе сабақтастығын нығайтуға бағытталған мазмұнды пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Іс-шараның салтанатты бөлігінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы және ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Пәнаралық ғылым орталығының директоры, PhD, профессор Әлиханов Қуантар Дәуленұлы жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімінде лентасын қиды. Сонымен қатар, университет ректорының атынан ветеринария саласына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға алғыс хаттар мен арнайы құрмет медальдары табысталды.

Іс-шараны ұйымдастыру жұмыстары «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің деканы Мусоев Асылбек Майлыбайұлының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Іс-шараға белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Атап айтқанда, алаштанушы-ғалым, лектор Елдос Тоқтарбай ветеринария ғылымының тарихи негіздері мен ұлттық ғылыми мұраға қатысты мазмұнды дәріс оқыды. ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Сарсенбай Қадырұлы Абдрахманов саладағы ғылыми зерттеулердің қазіргі жай-күйіне тоқталды. Сонымен қатар, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Әспен Әбутәлішұлы ветеринария ғылымының даму перспективалары туралы баяндама жасады.

Кездесу аясында қатысушыларға тарихи-танымдық дәріс ұсынылып, ветеринария ғылымының қалыптасуы мен дамуына қатысты маңызды деректер кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, салаға арналған жаңа кітаптың тұсаукесері өтіп, оның ғылыми және танымдық маңызы ерекше атап өтілді. Еңбектің авторы – Жауынбай Жылқыбайұлы, баспасы – «Алаш кітапханасы».

Аталған іс-шара ветеринария ғылымының тарихи сабақтастығын айқындап, заманауи ғылыми бағыттарды талқылауға, сондай-ақ жас ғалымдар мен білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник