ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ЕНГІЗУДЕ

2026 жылдың 8 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қытайдың Чжэцзян технологиялық университетімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан "Жасанды интеллект" екі дипломды білім беру бағдарламасының студенттеріне сертификаттар табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті.
Іс-шараға Чжэцзян технологиялық университетінің деканы, профессор Чэнь Си, Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының ғылым және білім істері жөніндегі консулы Хуан Сяомин ханым, "Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы" АҚ Басқарма мүшесі М. Р. Нұрғожин, Қытай халық республикасының ЖИ және су қауіпсіздігі саласындағы ірі ұйымдарының өкілдері, Қазақстан және ҚХР ғалымдары, университеттің профессор-оқытушылары, студенттері және Алматы қаласының оқушылары қатысты.
ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА президенті, KazNARU Басқарма Төрағасы – ректоры, академик А. Күрішбаев құттықтау сөзінде 2025 жылы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясы, Чжэцзян технологиялық университеті, ҚХР жоғары технологиялық компанияларымен бірлесіп озық ЖИ-шешімдерді әзірлеуге бағытталған «Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму» халықаралық зертханасын құрғанын атап өтті. Бұл ретте Ақылбек Қажығұлұлы жасанды интеллект пен халықаралық білім беру бағдарламаларын дамыту бәсекеге қабілетті ғылыми-білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі факторы болып табылатынын ерекше атап өтті.
Іс-шараның маңызды қорытындысы KazNARU мен Чжэцзян технологиялық университетімен бірлескен бастамалар спектрін кеңейтетін және халықаралық академиялық кеңістікке интеграцияны күшейтетін "Робототехника" екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру туралы Меморандумға қол қою болды.
Іс-шаралар шеңберінде ұсынылған ғылыми және білім беру бастамалары Қазақстанда іргелі ғылымды, қолданбалы зерттеулерді, цифрлық технологияларды және кадрлар даярлауды біріктіретін кешенді экожүйені қалыптастыруды көрсетеді.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник