KazNARU-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктіретін маңызды алаңға айналуда. Университет базасында Бизнес және құқық жоғары мектебі мен Битлистегі Эрен университетінің бірлесуімен «АӨК-тің цифрлық экожүйесі: экономиканың жаһандық трансформациясы жағдайында құқықтық жүйе мен инновациялық бизнес-модельдерді интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Іс-шара жас ғалымдарды, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді біріктіріп, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, ESG күн тәртібі және құқықтық трансформация мәселелері бойынша өзекті ғылыми пікір алмасу алаңын қалыптастырады.
📅 Өткізу күні: 2026 жылғы 10 сәуір
📍 Өткізу орны:
Алматы қаласы, Абай көшесі, 8
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, бас ғимарат, Ситуациялық зал
📍 Өткізу орны:
Алматы қаласы, Абай көшесі, 8
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, бас ғимарат, Ситуациялық зал
📡 Формат: аралас (онлайн, офлайн)
🌐 Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
🌐 Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
— цифрлық АӨК жағдайындағы инновациялық бизнес-модельдер;
— есеп, қаржы және бағалау жүйелеріндегі ESG және тұрақты даму;
— цифрландыру жағдайында құқық пен заңнаманы дамыту мәселелері.
— есеп, қаржы және бағалау жүйелеріндегі ESG және тұрақты даму;
— цифрландыру жағдайында құқық пен заңнаманы дамыту мәселелері.
Конференция аясында ғылыми идеялар мен тәжірибелер алмасу жүзеге асып, аграрлық сектордағы заманауи трансформацияларға ғылыми негізделген көзқарастар қалыптастырылады.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар электрондық жинақ түрінде жарияланып, университеттің ресми сайтында орналастырылады.
KAZNARU – ҒЫЛЫМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ