ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU «STUDY IN KZ» БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2026 жылы мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында «Study in KZ» білім беру көрмесі өтеді.
Аталған маңызды іс-шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) белсенді түрде қатысып, талапкерлерге білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, академиялық мүмкіндіктер мен студенттік өмір туралы толық ақпарат ұсынады.
 
📅 Өткізу уақыты: 07 сәуір 2026 жыл
⏰ Сағат: 09:00 – 18:00
📍 Өткізілетін орын: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
 
КӨРМЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ:
  • Талапкерлерге Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарын таныстыру
  • Білім беру бағдарламалары мен мамандықтар бойынша кеңес беру
  • Мемлекеттік гранттар және оқуға түсу талаптары туралы ақпарат беру
  • Университет өкілдерімен тікелей кездесу мүмкіндігі
KazNARU кеңес беру алаңында талапкерлер университеттің заманауи білім беру бағыттарымен, ғылыми-инновациялық жобаларымен және халықаралық мүмкіндіктерімен таныса алады.
 
«STUDY IN KZ» КӨРМЕСІНІҢ ӨТУ КЕСТЕСІ:
📍 07.04 – Астана
📍 08.04 – Павлодар
📍 09.04 – Семей
📍 10.04 – Өскемен
📍 13.04 – Алматы
📍 14.04 – Қаскелең
📍 15.04 – Тараз
📍 16.04 – Шымкент
📍 17.04 – Түркістан
📍 18.04 – Қызылорда
📍 20.04 – Ақтөбе
📍 22.04 – Атырау
📍 24–25.04 – Ақтау, Жаңаөзен
«Study in KZ» көрмесі — талапкерлерге дұрыс мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауға бағыт беретін маңызды алаң.
KazNARU сіздерді өз кеңес беру алаңында күтеді!
---------Chatbot---------
виртуальный помощник