ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

НАУРЫЗНАМА АЯСЫНДА «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Наурызнама аясында өткен “Жылы жүрек” акциясы шеңберінде Бизнес және құқық жоғары мектебі ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасы өтті.✨
Іс-шара барысында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, балаларға қуаныш сыйлап, жылы көңіл мен қамқорлық көрсетілді.
Шараның негізгі мақсаты – орталық тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әлеуметтік қолдау көрсету, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау болды.
Арнайы шақырылған аниматорлар балаларға қызықты ойын-сауық бағдарламасын ұсынып, түрлі байқаулар мен ойындар ұйымдастырды.
Сонымен қатар, студенттер шағын сахналық қойылымдар қойып, ән айтып, би билеп, тәрбиеленушілермен бірге көңілді уақыт өткізді.
Іс-шара соңында студенттер балаларға алдын ала дайындалған тәттілер мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Бұл қайырымдылық акциясы тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлап қана қоймай, студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, болашақ заңгерлердің адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.

              

 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник