«Наурыз – береке бастауы!»
Көктемнің жарқын шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Су ресурстары және IT-технологиясы факультеті, IT-технология кафедрасында «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бұл тағылымы мол шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, түрлі халықтардың мәдениетін тоғыстырған әсерлі кешке айналды.
Мерекелік кештің шымылдығы ұлттық күймен ашылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Домбыраның қоңыр үні арқылы халқымыздың бай мұрасы насихатталып, өнердің құдіреті айқын көрініс тапты.
Кеш барысында студенттер қазақ және түркімен халықтарының мәдениетін таныстырып, ұлттық билер мен жанды дауыста орындалған әсем әндерді көрермен назарына ұсынды.
Сонымен қатар, мерекелік бағдарламада ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар қол күрес пен асық ойыны бойынша өз бақтарын сынады. Бұл ойындар кештің көркін қыздырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында студенттер «Атамекен» әнін орындап, мерекелік кешке ерекше қорытынды жасады.

Наурыз мерекесі – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің символы. Осындай мазмұнды шаралар жастардың ұлттық рухын көтеріп, мәдени құндылықтарға деген құрметін арттыра түседі.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!

Аталған іс-шараны ұйымдастырған кураторлар:
Бердімұрат Шұғыла, Абиева Ақерке Жандосқызы.

Іс-шараға қатысқан топтар:
ИИ 25-13К, ИС 25-02 К(Т), ИС 25-03 К(Т).