ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU РЕКТОРЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев жаңа Конституция бойынша өткен жалпыұлттық референдумға қатысып, Алматы қаласындағы №622 референдум учаскесінде дауыс берді.

Академик Ақылбек Күрішбаев референдумға қатысу азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін атап өтті.
«Жаңа Конституция – Қазақстанның стратегиялық даму бағдары. Сондықтан бүгін №622 референдум учаскесінде еліміздің болашағы үшін өз дауысымды бердім», – деді Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев. 
Ақылбек Қажығұлұлының айтуынша, бүгінгі аса маңызды саяси науқанға қатысу – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы.

«Бізге ең алдымен тұрақтылықты қамтамасыз ететін мықты мемлекеттік иммунитет қажет. Экономикамыз ғылымға, инновацияға және білімге негізделуі тиіс. Бұл – өте маңызды. Ол үшін мемлекеттік заңдарымыз берік болуы қажет. Ең бастысы, Ата Заңымыздың қазіргі заман талаптарына сай болуы айрықша маңызды», – деді ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев

Референдум – ел дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл күні әрбір азамат мемлекет болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік алды.

Дереккөз: ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы (Facebook): ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІМ! 

Айта кетейік, Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғимаратында №378 референдум учаскесі жұмыс істейді. Бұл жерде Медеу ауданының тұрғындары тіркелген мекенжайы бойынша дауыс бере алады. Учаскеде дауыс берудің ашық әрі ыңғайлы өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

 
 

Азаматтар өздерінің референдум учаскесін анықтап, референдумға қатысты жаңалықтармен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында таныса алады: https://www.election.gov.kz/

KazNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник